376
Кесте 12-2.
Аденогипофиз гормондары.
Гормон
Әрекеті
СТГ(өсу гормоны)
Балаларда және ересектерде, хондро және
остеогенезді белсендіретін, сүйектің ( ұзын түтік
сүйектерді басым, ол кемікті сүйектерде аздан) өсуін
стимуляциялайды. Сүйек тінінің алмасуын
стимуляциялай отырып, сүйектің қалыптасуын
күшейтеді және аз дәрежеде сүйек резорбциясын
қалыптастырады. Миобласттардың саралануын
жүргізеді. Анаболикалық әрекет жасай алады, белок
синтезін стимуляциялайды. Липолитикалық әрекет
жасап, майлы тінің көлемін азайтады. Көмірсу
алмасуына екі фазада әрекет жасайды ( басында
инсулин тәріздес әсер, соңынан констринсулярлы;
СТГның жоғарғы дозасы ұзақ уақыт әсер еткенде,
инсулин резистенттік тұрақталып қалады ).. СТГ
әсерінің қайтарымды инсулинтәріздес өсу
факторларымен жүреді.
АКТГ
Бүйрекүсті безінің қыртыс жасушаларының
пролиферациясына бейімдейді, бүйрекүсті безінің
қыртыс гормондарын стимуляциялайды ( ең басты
глюкокортикойдтарды). Меланоциттерде меланин
синтезін стимуляциялайды, тері пигментациясын
күшейтеді.
ТТГ
Қалқанша безінің қыртыс жасушаларының
саралануын стимуляциялайды және иод құрамды
гормондарды синтездеп, оларды тиреоглобулиннен
босатады және синтездейді.
Лютропин
(лютеиндеуші гормон)
Ұрықтық жасушалардың овуляциясына толық
жетілдіреді және сары денені қалыптастырады;
прогестерон синтезін стимуляциялайды; theca
жасушаларындағы андрогендер синтезін
стимуляциялайды; Аталық бездің Ляйдига
жасушаларындағы андрогендерді стимуляциялайды.
Фоллитропин (
фолликуластимуляция
лаушы гормон)
Овариалды фолликулалардың өсіп- жетілуін
стимуляциялайды, эстрогендер секрециясын
күшейтеді, ерлерде – аталық бездің өсуін, тұқым
жасаушы құбырлардың пролиферациясын жіне
сперматогенензді, Сертоли жасушаларында адроген
байланыстырушы ақуыз, ингибин, эстрогендердің
синтезін белсендіреді.
Пролактин
Жүктілікте сүт безінің өсуін және туғаннан сон
лактацияны стимуляциялайды; ерлерде простатаның
өсу факторы.
|