380
АДГ гиперсекреция синдромы
АДГ гиперсекреция синдромына, гипонатриемия, қан плазмасының
гипоосмолярлығы және тығыздығы жоғары зәр шығуы тән. Кейде
балаларда АДГ гиперсекрециясы өкпе ауруларында (инфекциялар,
қансырау, бас ми жарақаты, бас ішінің гипертензиясы, ісіктер), кейбір
дәрілік препараттар қолданылғанда (АДГ препараттары, винкристин,
циклофосфамид, т.б )
Қалқанша безі
Қалқанша безі- мойнақпен жалғасқан, екі бөліктен (оң және сол)
тұратын, жалқы ағза. Мойыншақтан не сол бөліктен жоғары қарай өсетін,
қосымша (пирамидальды) бөлігі жиі кездеседі. Қалқанша безі кеңірдектің
алдыңғы
жағында,
қалқанша
және
бесінші
алтыншы
сақиналы
шеміршектер арасында орналасқан. (12-3 сурет)
Қалқанша безі фиброзды капсуламен қапталған, капсуладан ішке
қарай дәнекер тінді перделер – трабекулалар тартылған, олар бездің тінін
фолликулалардан тұратын, гомогенді массамен (коллойдты) толтырылған
бөлімдерге бөледі. Фолликулалар ісігі (сұйық дөңгелекше құрылымдар)
йодқұрамды
гормондар
түзетін
(тироксин
және
трийодтиранин),
эпителиалдық жасушалардан (тиреоциттерден) тұрады. Фолликуларлық
жасушалар функциясын ТТГ стимуляциалайды, ал ТТГ секрециясын
гипоталамустың тиролиберині қадағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: