379
Парциалды гипопитуиризм троптық гормондардың бірі жетіспегенде
пайда болады.
Шеткі эндокриндік бездерге әсер етуші гормондардың жетіспеушілігі,
олардың функция бұзылысын тудырады: ТТГ дефициті – екіншілік
гипотиреоздың себебі, гонадотропты гормон дефициті – екіншілік
гипогонадизм себебі, АКТГ дефициті – екіншілік бүйрекүсті безінің
жетіспеушілігінің және гипопигментация себебі. СТГ дефициті балаларда
бой өсуінің тежелуіне және
аштық гипогликемиясын тудырады,
үлкендерде ауыз және көз айналысының әжімденуін, қарын тұсының
майлануын және бұлшық ет массасының төмендеуін тудырады. Пролактин
тапшылығы лактация бұзылысымен сипатталады.
Пангипопитуитаризм гипофизарлық какехсия (Симмондс ауруы)
түрінде,
жалпы
арықтаумен,
тері
және
оның
қосалқыларының
дистрофиясымен, тістердің бұзылуымен, түсуімен, шаш түсуімен, бұлшық
ет және ішкі ағзалар атрофиясымен, гипотермиямен, гипотензиямен,
гипогликемиямен білінеді.
Достарыңызбен бөлісу: