Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет45/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   315
тесттік тапсырма 
1.
 
Ерте жастағы баланы зерттегенде: бала басын жақсы 
ұстайды, 
ішіне 
жатқызғанда 
иық 
аймағын 
көтереді, 
жымияды, ұзақ уілдейді, шартсыз рефлекстері: жармасу, 
алақан-ауызды, еңбектеу, Галант және Перес байқалмайды. 
Бала жасын анықтаңыз: 
A. 2 ай 
B. 3 ай 
C. 4 ай 
D. 5 ай 
E. 6 ай 
2. 23 тәуліктік баланы дәрігер үйінде қараған. Амбулаторлық 
картасында жазуда қайсысын қалыпты деп есептеуге болады:
A. қатты эмоционалды айғай 
B. сирақтарының атетоз тәріздес қозғалысы 
C. Галант және Перес рефлекстері оң 
D. жазғыш бұлшықеттерінің гипертонусы 
3. Бала алғашқы қадамдарын басады, жеке сөздер (10 шақты 
сөз) айтады, жоқ дегенді түсіне, тазалыққа үйрене бастайды. Жасын 
анықтаңыз: 
A. 8 ай 
B. 10 ай 
C. 1 жас 
D. 1 жас 6 ай 
4. Бала өздігінен жүреді, жеке сөздерді айтады (20 сөзден көп), 
өзіне айтылған сөзді түсінеді, жеңіл тапсырмаларды орындайды. 
Баланың жасын анықтаңыз: 
A. 10 ай 
B. 1 жас 
C. 1 жас 6 ай 
D. 2 жас 
5. 
1,5 
айлық 
бала 
ауруханаға 
жедел 
жәрдем 
дәрігер 
бағыттамасымен түскен. Госпитализация себебін анықтаңыз: 
A. үлкен еңбегінің томпаюы және кернеулі болуы 
B. атетоз тәріздес қозғалыс 


C. монотонды айғай 
D. тырысу 
Дұрыс жауаптары: 1 - С, 2 - А, В, С, 3 - С, 4 - С , 5 - А, С, Д. 
 
73 
4.1. СЕЗІМ АҒЗАЛАРЫ 
 
КӨРУ АҒЗАСЫ 
 
Қос ағза, оның құрамына кіреді: 
-
көз алмасы қосалқыларымен (қабақтар, кірпіктер, көз қимылдатқыш 
бұлшықеттер және т.б.); 
-
көру нерві және өткізуші жолдары; 
-
ми қыртысындағы көру орталықтары (4-14 сурет). 
Көру – көру әсерлерін қабылдаудан және оларды сезінуден құралатын 
күрделі физиологиялық әрекет. Адам көру үшін көру жолы көмегімен 
көздің және ми қыртысындағы көру нервісінің бірлескен әрекеті қажет. 
Сурет 4-14.
Көз құрылымы (сұлба): 1 – қарашық; 2 – мөлдір қабық; 3 – көз бұршақ; 4 – 
нұрлы қабық; 5 – кірпікті дене; 6 – шел; 7 – тамырлы қабық; 8 – шыны тәріздес дене; 9 
– тор қабық; 10 – орталық шұңқыр; 11 – соқыр дақ; 12 – көру нерві 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет