Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет43/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Қозғалыс бұзылу синдромы
Нәрестелердің және сәби балалардың 
қозғалыс бұзылыстары, ересек балалардағы қозғалыс бұзылыстарынан 
ерекше. Құрсақішілік ми зақымдалуы көптеген жағдайда жайылмалы, 
сондықтан топикалық диагностикалауы қиын. Сәби балаларда 
қозғалыс бұзылыстары рефлекторлы белсенділігінің және бұлшықет 
тонусының өзгеруімен білінеді («Бұлшықет жүйесі» бөлігін қара). 
Қозғалыс патологиясы сенсорлық жетіспеушілікпен қоса сөйлеу және 
психикалық даму бұзылысын туындатады. 
-
Бұлшық ет гипотониясы ОЖЖ-нің перинаталды зақымдануында, 
кейбір 
тұқымқуалаушы 
зат 
алмасу 
бұзылыстарында 
(гликогеноздар, Ниманн-Пик ауруында, Тей-Сакс амавротикалық 
идиотиясында), хромосомды ауруларда, туа біткен гипотиреозде 
және т.б. дамиды. 
-
Бұлшық ет гипертониясы пассивті қозғалыстарға қарсылығының 
жоғарылауымен, 
қозғалыс 
белсенділігінің 
шектелуімен 
сипатталады. Сәби балаларда бұлшық ет гипертониясы жиі 
балалардың церебральді паралич кезінде байқалады. Гипертонус 
жиі гипотония кезіңінен кейін дамиды. Туғаннан кейін бұлшықет 
тонусы төмен, шартсыз рефлексі тежелген, қозғалыс белсенділігі 
жеткіліксіз. Біртіндеп бұлшықет тонусы жоғарылайды, иықта ішкі 
бұралуымен қолдары жазылады, саусақтары жұдырыққа түйіледі, 
аяқтары жазылады, ішке қарай бұрылады және жиі айқасады. 
-
Бұлшық 
ет 
дистониясы 
гипотония 
мен 
гипертонияның 
кезектесуімен сипатталады: тыныштықта жалпы гипотония айқын, 
ал қозғалғанда бұлшықет тонусы күрт жоғарылайды. Дистония 
жиі 
нәрестенің 
гемолитикалық 
ауруында, 
ОЖЖ-ның 
перинатальды зақымдалуында дамиды. 
Соматикалық аурулар кезіндегі неврологиялық синдромдар 
Метаболиттік өзгерістермен, токсикалық әсерімен, гомеостаздың 
тұрақсыз жағдайындағы гипоксиямен өтетін соматикалық аурулар жүйке 
жүйесінің зақымдалуына әкеледі.


71 
Бұл жағдайда пайда болатын синдромдарды әдеттегі клиникалық 
әдістермен айқын анықтау әрқашан мүмкіндік бермейді, ал оларды 
классификациялау тіпті қиын. Жиі астеникалық синдром жүйке–
психикалық әлсіреу, гипо- және гиперқозғыштық кезеңдердің кезектесу 
түрінде бақыланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет