Ауру тарихынан фрагмент
Жүйке жүйесі
Есі (анық, сана шатасуы, жоқ).
Мінез-құлқы (бала тыныш, қарым-қатынаста белсенді, ашушаң,
қозғыш, солғын, тұйық, ұйқышыл).
Интеллектуалды дамуы (жасына сай, жас нормасынан озық,
интеллектуалды дамуы тежелген).
Назары (назар аударады, аудармайды).
Еске сақтауы (жақсы, төмен).
Көңіл – күйі (біркелкі, бала негативті, жылауық).
Ойлауы (логикалық, ойын нақты айта алмайды).
Сөйлеуі (дұрыс, дыбыстарды айтуы қиындаған, кекеш).
Ұйқысы (бұзылмаған, ұйықтауы қиын, түнде оянады, қорқыныш).
Ми нервтері (өзгеріссіз немесе патологияны көрсету керек).
Рефлекстері: сіңірлік (айқын, аумағы кеңейген, төмен), терілік (іштік –
пайда болады, төмендеген), патологиялық (бар, жоқ).
Менингеальды синдром (жоқ, симптомдары бар – дене жағдайы
мәжбүрлі, шүйде бұлшық еттері ригидті және т.б.)
Дермографизм (қызыл, ақ, аралас немесе «валик» тәріздес). Пайда
болу уақыты, тұрақтылығы.
Тершеңдік (айқындыға орташа, өте тершең, тер шығу аймақтарын
белгілеу).
Нәрестелерді зерттегенде төмендегілерді белгілеу қажет.
Айғайдың сипаты (эмоционалды қатты, әлсіз, ауырсынумен,
монотонды, шыңғырық дауыс).
Қозғалыс белсенділігі (құндақтаудан шешкенде керіледі, қозғалысы
атетоз тәріздес, қозғалыс белсенділігі жоғары, төмен).
Бұлшықет
тонусының
жағдайы
(бүккіш
бұлшықеттерде
физиологиялық гипертонус, бұлшықет тонусы жоғары, төмен, дистония).
Нәрестеде туа біткен шартсыз рефлекстердің болуы және айқындылық
дәрежесі (4-2 кестені қараңыз).
Патологиялық симптомдар (Грефе симптомы, қитарланған қылилық,
көз қуысының ені екі түрлі, мұрын-ерін қатпары жазыңқы, аяқ басының
клонусы, тырысу және т.б.).
72
«Жүйке-жүйесі және жүйке-психикалық даму» тарауына
Достарыңызбен бөлісу: |