Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет59/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

ТЕРІНІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ 
 
Тері жамылғысы жағдайын бағалау үшін сұрастыру, қарау, пальпация 
және арнайы сынақтар жүргізіледі. 
СҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРАУ 
 
Баланы қарауды мүмкіндігінше табиғи күндізгі жарықта жүргізеді. 
Тері жамылғысы ретімен жоғарыдан төменге қарайды: бастың шашты 
бөлігі, мойын, шынайы бүрмелер, шап және бөксе аймағы, алақан, табан, 
саусақ және бақай аралықтары. Қараған кезде бағаланады: 

терінің түсі және біркелкілігі; 

ылғалдылығы; 

тазалығы (бөртпелердің не басқа патологиялық элементтер жоқтығы, 
мысалы; қабыршықтану, қасыну сызаттары, қансыраулар); 

терінің 
қантамырлар 
жағдайы, 
әсіресе 
веноздық 
суреттің 
орналасуын және айқындығын; 

терінің біркелкілігі; 

тері қосалқыларының жағдайы (шаш және тырнақтар). 
Тері бөртпелері 
Тері бөртпелері (морфологиялық элементтер) терінің әртүрлі 
қабатында, сондай-ақ оның қосалқыларында (тері және май бездері, шаш 
фолликулалары) болуы мүмкін. 
Біріншілік морфологиялық элементтер
өзгеріссіз теріде пайда 
болады. Оларды қуыссыз (дақ, папула, түйін және т.б) және сероздық
геморрагиялық не іріңдік бөлінділермен қуысты (күлдіреп, көпіршік, іріңді 
бөрітпе) деп ажыратылады. (5-3 кесте, 5-2-5-11 сурет). 


90 
Кесте 5-2.
Балалар терісінің сипаттамасы 
Тері сипаты 
Түсініктеме 
Тері түсі 
Терінің түсі оның қалыңдығына және мөлдірлігіне, қалыпты және 
патологиялық пигменттер санына, даму дәрежесіне, толыққанды 
тері тамырларының жататын тереңдігіне, қанның өлшем 
бірлігіндегі Нв–ның көлеміне мен оттегімен Hb–ның қанығу 
дәрежесіне тәуелді. 
Нәсіліне және этникасына қарай балалардың терісі қалыптыда 
ақшыл-қызғылт түсті немесе сары, қызыл, қоңыр және қара 
түстердің әртүрлі реңктері болуы мүмкін. Балаларда тері түсінің 
патологиялық өзгерісі бозғылт, қызару, көгеру, сарғыш және 
пигменттелген болып табылады. 
Тері 
ылғалдылығы
Терінің ылғалдылығын оның жылтырлығына қарап айтамыз: 
қалыптыда тері беті орташа жылтырлықта, ылғалдылығы 
жоғарылағанда тым жылтыр, жиі тер тамшыларымен жабылады; 
терінің шамадан тыс құрғақтығы – жылтырлығы күңгірт, 
бұдырлы. 
Тері тазалығы 
Теріде патологиялық элементтер пайда болғанда анықтау керек: 
- пайда болу уақытысын; 
- кейбір факторлармен байланысын (тағамдық, дәрілік, 
инфекциялық, химиялық және т.б); 
- осы тәріздес симтомдардың бұрында болуын, олардың 
эволюциясын (түрі түсінің өзгерісі, бөрітпе сипаты); 
- морфологиялық түрі (төменнен қара); 
- көлемі (миллиметрде не сантиметрде); 
- элементтер саны (бірен-саран элементтер, элементтерді есептеуге 
мүмкіндік беретін аздаған бөртпелер, элементтер көптігі есептеу 
мүмкіндігін бермейтін көптеген бөртпелер); 
- пішіні (дөңгелек, сопақша, дұрыс емес, жұлдызша, сақина 
тәріздес және т.б); 
- түсі (мысалы қабынғанда қызару пайда болады); 
- орналасуы және таралуы (бөртпесі бар дененің барлық бөліктері 
көрсетіледі, басым орналасқан жерін - басы, денесі, сыйрақтардың 
бүгілетін және жазылатын тұстары, тері қатпарлары және т.б); 
- бөртпелі аймақ терісінің фоны (мысалы қызғарған); 
- бөртпенің дамуы кезеңділігі және динамикасы; 
- бөртпе қайтқаннан кейін екіншілік элементердің ерекшеліктерін 
(қабыршақтану, гипер- не гипопигментация, қабыршақ және т.б). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет