93
Элемент түрі
Элемент сипаттамасы
Иллюстрациялар
Күлдіреуік
(уртикария)
Тері үстіне шығыңқы, көлемі 3-4 мм және жоғары шектелген қуыссыз
элемент, негізінде дерманың емізікті қабатының жоғарғы бөлігінің ісінуі
жатыр.
Уртикарлық элементтер пайда болуы жиі қышыну тудырады. Уртикарлық
элементтерге тән қасиеті - эфемерлік (бір неше минуттан бірнеше сағатқа
дейін).
Сурет 5-8
. Күлдіреуік
Көпіршік
Теріден шығыңқы, дөңгелектеу шектелген қуысты элемент, эпидермис пен
дерманың немесе эпидермис қабаттарының арасында серозды не серозды-
геморрагиялық сұйықтықтың жиналуынан пайда болады. Эволюция
үрдісінде көпіршік құрғап, мөлдір немесе қошқыл қабыршақ түзеді немесе
сылынып шектелген ылғалды эрозияға айналады. Жазылғанда уақытша
гипер– не депигментацияланады немесе жойылады. Көпіршікте
лейкоциттер жиналса іріңді бөртпеге айналады.
Сурет 5-9
. Көпіршік
Күлдірек
Көпіршікке ұқсас, бірақ көлемі айтарлықтай үлкен элемент (0,5 см-ден
жоғары). Күлдірек теріден шығыңқы, шекарасы айқын, дөңгелек немесе
сопақша пішінді, серозды, серозды-геморрагиялық не іріңді сұйықтықпен
толтырылған. Күлдірек қабықталып, қабығы сыдырылып із-түзсіз жазылуы
мүмкін немесе қабығы сыдырылып терінің беткей ақауы – эрозия пайда
болуы мүмкін.
Сурет 5-10
. Күлдірек
Іріңдік
(пустула)
Іріңге толған, көлемі 1-2 мм-ден 10 мм-ге дейін, айналасы қызарған қуысты
дөңгелек элемент. Қуыс эпидермис жасушаларының өлуінен пайда болады.
Тереңдігіне байланысты беткейлі не терең пустула болады.
Достарыңызбен бөлісу: