91 Кесте 5-3. Терінің біріншілік морфологиялық элементтері
Элемент түрі Элемент сипаттамасы Иллюстрациялар Дақ
Шектелген аймақта, тері үстіне шықпайтын және сау аймақтағы
тығыздығынан ерекшеленбейтін тері түсінің өзгерісі.
Қабынулық дақтар дерма қан тамырларының кеңеюінен себеп
болатын, теріні зерттік шынымен басқанда жойылады (диаскопия).
-
Розеола – диаметірі нүктеден 5 мм-ге дейінгі дақ.
Диаметрі 1-2 мм-ге
дейінгі көлемді көптеген розеолалар ұсақ-нүктелі бөртпені құрайды.
-
Макула – диаметрі 6-20 мм дақ. Көптеген дақтар 5-10 мм–ге дейінгі
диаметрде, ұсақ-дақты бөртпені құрайды, диаметрі 10 мм–ден артық
бөртпелер ірі-дақты бөртпені құрайды.
-
Эритема - диаметрі 20-30 мм-ден жоғары, шекарасы анық белгіленген
терінің біркелкі қызарған үлкен аумағы (5-3, 5-4 сурет).
Қабынбаған дақтар қантамырлар ісіктерінен, қан құйылудан,
пигменттер көлемінің өзгеруінен және теріге бояғыштар енгізуінен
пайда болады:
-
пигментті дақтар , теріде пигмент көлемінің ұлғаюы немесе азаюымен
негізделеді, олар гиперпигменттік (пигментті невус (naevus), «мең», секпіл,
хлоазма және т.б) және депигменттік болып ерекшеленеді.
-
тамырлық дақтар теріде тамырлар ісіктерінен негізделеді (гемангиома,
телеангиэктазия).
-
геморрагиялық дақтар қан
тамырларынан
қоршаған
тінге
эритроциттердің шығуынан пайда болған, олар петехиялар (нүктелі
қансырау), пурпура (көптеген ұсақ геморрагиялар), экхимоздар (қалыпсыз
пішінді 20 мм-ден жоғары қан құйылу).
Сурет 5-2 . Дақ