Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы


жұп, кіреберіс – ұлу нервінің, n. vestibulo-cochlearis



бет121/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   171
жұп, кіреберіс – ұлу нервінің, n. vestibulo-cochlearis, 6 ядросы бар : 2 ұлулық, 4 кіреберістік - барлығы 6 сезімтал ядросы бар. Олар ромбтәрізді шұңқырдың кіреберістік алаңында орналасқан.

Алдыңғы ұлулық ядро, nucleus cochlearis anterior, мен артқы ұлулық ядрода , nucleus cochlearis posterior, ішкі құлақтың ұлуынан шығатын есту сезімталдығы қабылданады.
Кіреберістік ядролар : кіреберістік медиалды ядро, nucleus vestibularis medialis; кіреберістік латералды ядро, nucleus vestibularis lateralis; кіреберістік жоғарғы ядро, nucleus vestibularis superior; кіреберістік төменгі ядро, nucleus vestibularis interior, ішкі құлақтың жартылай дөңгелекті түтіктері ампулалаларының қыршалары және жатырша (эллипстік қапша, utriculus ) мен дөңгелек қапшаның (sacculus) дақтары арқылы келетін дене қапының өзгеруі туралы ақпаратты ( нервтік импульсті) қабылдайды .

  1. жұп, тілжұтқыншақ нервінің, n. glossapharyngeus, сезімтал, парасимпатикалық және қозғалтқыш үш ядросы бар. 1. Сезімталы - жеке ядро , nucleus solitarius, VII, IX, X жұп нервтерге ортақ болады. 2. Парасимпатикалық ядросы - төменгі сілекей бөлетін ядро,

nucleus solivatorius inferior,- деп аталады. 3. Қозғалтқышы – қос ядро , nucleus ambiguus,
IX және X жұп нервтерге ортақ болып келеді .


X жұп, кезбе нервінің, nervus vagus , үш: сезімтал, парасимпатикалық және қозғалтқыш ядролары бар .

  1. Сезімтал ядросы : жеке ядро, nucleus solitarius, бұл ядро VII, IX және X жұп нервтерге ортақ болады .

  2. Парасимпатикалық ядросы : кезбе нервтің артқы ядросы, nucleus dorsalis nervi vagi,-

trigonum nervi vagi, аймағында жатады.



  1. Қозғалтқышы – қос ядро , nucleus ambiguus, IX және X жұп нервтерге ортақ болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет