Мөлдірқалқатабақшасы,laminaseptipellucidi, сүйелді дене мен күмбез бағанасының арасында тартылып тұрады. Бұл табақша бүйір қарыншаның бүйір мүйізінің медиалды қабырғасын құрайды. Оң және сол табақшалар бір-бірімен тығыз жанасып мөлдірқалқаны,septum pellucidum, түзеді.
Сүйелді дене жүлгесі, sulcus corporis callosi, сүйелді денені қоршап жатады, бұл жүлге төменгі жағында гиппокамп жүлгесіне, sulcus hippocampi жалғасады. Сүйелді дене жүлгесінен жоғары және оған параллелді белдеулік жүлге, sulcus cingyli, жатады, ол артқы жағында екіге: жоғары қарай кететін белдеулік қатпардың жиектік бөлігі, pars marginalissulcicinguliмен шекеастылықжүлгеге,sulcussubparietalis,бөлінеді. Белдеулік және сүйелді дене жүлгелерінің аралығында белдеулікқатпар,gyruscinguli,орналасады.
Белдеулік қатпар артқы жағынан сүйелді дене буылтығын айналып, белдеулікқатпардыңқылтасынisthmusgyricinguli,түзеді де, мидың төменгі бетінде гиппокампжанындағықатпарғаgyrusparahippocampalis,ауысады. Белдеулік қатпар қылта және гиппокампжағындағы қатпар үшеуі күмбездікқатпарды, gyrusfornicatus,түзеді.
Шеке-шүйделікжәнежүлге,sulcusparietooccipitalis,пен белдеулік жүлгенің жиектік бөлігінің аралығында сынаалды,precuneus,орналасады. Ми сыңарының медиалды бетіндегі орталықалды қатпардың орталықарты қатпарына ауысатын аймағы орталықжанындағыүлесше,lobulus paracentralis,деп аталады.
Шүйделік үлестің медиалды бетінде горизонталды бағытта терең топшылықжүлге ,sulcus calcarinus, өтеді. Ол шекеастылық жүлгеден басталып, ми сыңарының шүйделік шетінде аяқталды. Ми қыртысының топшылық және шеке-шүйделік жүлгелерімен шектелген бөлігі сына ,cuneus, деп аталады. Топшылық жүлгенің астында тілдік қатпар,gyruslingualis,орналасады.