Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет132/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   171
Ми цистерналары
Цистерналар, жұмсақ қабық торлы қабықтан кең кеңістіктер арқылы бөлінген тұстарда түзіледі. Бұндай цистерналар ми бетіндегі әр жүлгемен саңылаулардың үстінде орналасқан және олар жатқан орнына байланысты аталады. Бірақта тұрақты аттар тек ең ірі цистерналарда бар, олар төмендегідей:

  1. Үлкен цистерна, ол мишықтың артқы-төменгі бетімен сопақша мидың жоғарғы беті арасында орналасқан – мишық – ми цистернасы – cisterna cerebellomedullaris, бұл мидың ең үлкен цистернасы;

  2. Қиылыс цистернасы, cisterna chiasmatis – бұл кеңейген аймақ көру нервінің қиылысымен сүйелді дененің құс тұмсығы аралығында жатыр;

  3. Мидың латеральді шұңқырының цистернасы – cisterna fossa lateralis cerebri;

  4. Аяқша аралық цистерна – cisterna interpeduncularis;

  5. Сisterna venae cerebri magna – бұл цистерна ми аяқшасынан басталып, ортаңғы мидың латеральді жиегінің айналасымен жоғары қарай көтеріліп ортаңғы мидың төбесімен үшінші қарыншаның қақпағына жетеді. Соңғысы сүйелді дене буылтығы мен сабауының астында орналасқан. Қабық арқылы интрадуральды ( қатты қабық ішілік) веналық қойнауға эпителиальдік жасушалар «қақпақшасымен» жабылған шағын ерекше өсінділер тесіп өтеді. Бұл, торлы қабық түйіршіктері, олар арқылы торлы қабық астындағы кеңістікті толтырған жұлын-ми сұйықтығы қан ағымына түседі. Бұдан басқа, жұлын-ми сұйықтығының біршама бөлігі жұмсақ қабықта орналасқан жіңішке капиллярлық өрім арқылы сіңіріледі. Торлы қабық түйіршіктері жоғарғы сагиттальді қойнау аймағында ең көп шоғырланған дегенмен осындай түйіршіктерді басқа қойнаулардан да табуға болады.



Мидің қарыншалар жүйесі
Эмбриологиядағы мәліметтерге сүйенсек омыртқалылардың нерв жүйесі қуысты түтік түрінде дамиды. Оның кеңейген краниальді бөлігінен ми сыңары дамиды да, ал түтік қуысы оған әрі қарай енеді. Нерв түтігінің иілуі ми сыңарларда түзілістердің қалыптасуының, қанат тәрізді және негізгі табақшалардың өсуінің нәтижесінде нерв түтігі өзегінің диаметрі біртіндеп кішірейе бастайды, ал ақ зат талшықтарының миелинизациясы және соңғы ми түбінің медиальді бөліктерінен жолақ дененің дамуы, ересек адамдардың миіне тән ми қарыншалары, ми суқұбыры және қарыншалар жүіесінің әр түрлі тесігін қалыптастырады. Төртінші қарыншаның артқы бөлімінде екі бүйір тесіктер (aperture lateralis ventriculi quarti) орналасқан, олар арқылы ІV – қарынша торлы қабық астындағы кеңістікпен қатынасады. Төртінші қарыншаның ең артқы бөліміндегі аймақтың төбесі өте жұқарып тесік түзіледі, ол арқылы ІV - қарыншадағы жұлын-ми сұйықтығының бір бөлігі жоғарыда аталған кеңістікке шығуы мүмкін. Бұл төртінші қарыншаның ортаңғы тесігі (aperture mediana ventriculi quarti немесе Мажанди тесігі). Қарыншалармен үшінші қарыншаны төртінші қарыншамен байланыстыратын ми су құбырының қабырғалары эпендималық жасушалармен астарланған. Бұл эпендималық астар алғашқы нерв түтігінің ұрықтық эпителийінің туындысы. Толық қалыптасқан мидің эпендима жасушаларында кірпікшелер пайда болып, олар толығымен герменагивтік қасиетін жоғалтады. Бірақта, көптеген жануарларда эпендимилық астардың жасушаларының бөлінуі (митоз) өмір бойы жалғаса береді. Бұдан бөлек, эпендима жасушалары қай жаста болмасын еріксіз бөліне беруі мүмкін, осының нәтижесінде қарынша ішілік ісіктер пайда болады. Эпендима жасушаларының толқын тәрізді қағуы жұлын-ми сұйықтығы ағымының бүйір қарыншалардан үшініші қарыншаға одан әрі ми суқұбыры
арқылы төртінші қарыншаға және Люшко тесігіне бағытталуына көмектеседі. Бұл, жұлын- ми сұйықтығының мидің қарыншалар жүйесінен шығатын тесігіне күмәнсіз бағытталуына жағдай жасайды. Мидың аймақтарында эпендима астары жасушаларының гистологиялық әртүрлілігі байқалады. Сөйтіп, сұр заттың үстінде (мысалы, құйрықты ядроның немесе көру төмпесінің ) бұл жасушалар созылған цилиндр тәрізді пішінді, ал ақ заттың үстінде олар жазық жасушаларға айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет