Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет29/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   171
Бассүйек рентгенанатомиясы

Бассүйекті зерттеуге дәстүрлі жобалар қолданылады: тік, бүйір, аксиальды (қиғаш) және арнайы жағдайларда орналастыру. Бассүйектің пішімін анықтау үшін рентгенограммаларда фронтальды, сагиттальды және вертикальды көлемдерінің өлшемдерін анықтайды.


Фронтальды көлемі (бассүйектің ені) – шүйде сүйектердің бір-бірінен өте алшақ нүктелерінің қашықтығы (тік жобасында өлшенеді)
Сагитталды көлемі (бассүйектің ұзындығы) – маңдай және шүйде сүйектер қабыршақтарының бір-бірінен өте алшақ нүктелерінің қашықтығы.
Вертикальды көлемі (бассүйектің биіктігі)
Сыртқы есту өтісімен шеке сүйектің ішкі табақшасына дейінгі перпендикуляр бойымен өтеді.
Сагиттальды және вертикальды көлемдер бүйір жобаларда орындалған рентгенограммаларда өлшенеді.
Фронтальды және сагиттальды көлемдердің өзара қатынастарынан бассүйектің пішімін анықтайды (долихо-, мезо-, немесе брахикрандық). Долихокрандарда (ұзынбастылар) сагиттальды көлем, ал брахикрандарда (тайпақбастылар) фронтальды көлем басыңқы болса, мезокрандарда (домалақбастылар) олар тепе-тең.
Бассүйек биіктігіне сәйкес үш топқа: ұзын – гипсицефаликалыққа, қысқа – платицефаликалыққа және ортаңғы – ортоцефаликалыққа бөлінеді.
Бассүйектің тік жобасының рентгенограммасында ең алдымен көзұяны, мұрын қуысын қалыптастыратын түзілістерге, жоғарғы жақсүйек аймағындағы анатомиялық құрылымдарға көңіл аудару қажет.
Маңдай және жоғарғы жақсүйек қойнаулары және үлкен шүйде тесігінің көлемдері, сипаттары, пішіндері зерттеліп бағаланады.
Рентгенограмманың бүйір жобаларынан бассүйек шұңқырларын, ми сауыты сүйектерінің қалыңдығымен бедерлерін бағалауға болады.
Түрік ер-тоқымы, сынатәрізді және маңдай қойнауларының көлемі мен пішініне жеке көңіл аудару қажет. Түрік ер-тоқымының пішіні мен көлемін жан-жақты зерттеу, онда орналасқан гипофиз туралы толық мәлімет алумен тең. Д.Т.Рохлиннің деректері бойынша түрік ер-тоқымының үш түрін айырады:

  • фетальдық-горизонтальды орналасқан сопақша пішінді кішілеу ер-тоқым.




  • инфантальдық-вертикальды орналасқан сопақша пішінді үлкен ер-тоқым.




  • ересек- горизонтальды орналасқан сопақша пішінді үлкен ер-тоқым.

Бассүйек – милық жарақаттармен ауырғандардың бассүйектерін рентгенологиялық


зерттеуде, егер жекеленген сүйектер зақымдалмаған болса, бассүйек күмбезінің тығыз затының ішкі, шынытәрізді табақшасына, lamina vitrea, ерекше көңіл аударады. Себебі ол өте нәзік және оның зақымдануы ми мен ми қатты қабығының тамырларының жарақаттануына себепші болып, өз ретінде көбіне бассүйекішілік көп мөлшерде қан ағуға әкеліп соғады.
Бассүйек

Барлық омырқалылардың бассүйегі құрылымы бойынша қаңқаның ең күрделі бөлігі, ол шеміршектік және сүйектік тіндерден құралған.


Бассүйектің қызметі

қорғаныштық тіректік


Бассүйектің осы қызметтері ми, асқорыту жолымен тынысалу жүйесінің бастапқы бөлімдері үшін өте маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет