Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет42/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   171
Омыртқа бағанасы
Омыртқа бағанасының құрылымы басқа сүтқоректілермен салыстырғанда тік жүруге бейімделген. Вертикалды жағдайда омыртқа бағанасы бас, кеуде және іш қуыстарындағы ағзалар үшін тірек қызметін атқарады. Осыған байланысты жүру, секіру, яғни қозғалыстардың кез-келген түрлері кезіндегі адам денесінің сілкіністерін, шайқалуларын серпімді түрде жұмсарту үшін омыртқа бағанасында төрт физиологиялық иілім болады. Бұл иілімдер бүйір жақтан қарағанда жақсы көрінеді.
Омыртқа бағанасының дөңесі алдыға қараған иілімі – лордоз, дөңесі артқа бағытталған иілімі – кифоз деп аталады. Адамда мойын және бел лордоздары, кеуде және сегізкөз кифоздары ажыратылады.
Жаңа туған нәрестенің омыртқа бағанасы тік дерлік немесе дөңесі артқа қараған доға пішіндес болып келеді. Омыртқа бағанасының иілімдері туғаннан кейін пайда болады. Нәресте басын ұстай бастаған кезде (2-3 айда) мойын лордозы пайда бола бастайды. Алты айлық кезінде кеуде кифозы білінеді, себебі, бұл кезде сәби отыра бастайды. Бірінші жылдың соңында (9-12 ай) сәби тұрып, жүре бастағанда – бел лордозы пайда болады. Бұл уақытта мойын лордозы, кеуде және сегізкөз кифоздары үлкейе түседі.
Омыртқа бағанасының иілімдері адам денесінің орналасу жағдайына да байланысты болады. Арқамен жатқан жағдайда иілімдер біраз түзеледі, сондықтан омыртқа бағанасы ұзарады.
Иілімдердің түрлі болып білінуіне өмір сүру жағдайы да әсер етеді. Ауыр жүк таситын адамдардың омыртқа бағанасының иілімдері өте жақсы дамиды. Отырып жұмыс істейтіндердің және қарт кісілердің кеуделік кифозы үлкен болады, олардың бұл жағдайда мойындық лордозы біраз үлкейеді, ал белдік лордозы кішірейеді.
Омыртқа бағанасының осы физиологиялық иілімдерінен басқа патологиялық қисаюлары кездеседі. Оларға фронталдық жазықтықтағы сколиоз деп аталатын бүйірлік иілімдер жатады. Бірақ 1/3 жағдайда физиологиялық кеуделік (қолқалық) сколиоз кездеседі: ІІІ-ІҮ кеуде омыртқаларының деңгейінде омыртқа бағанасы аздап оң жаққа дөңестеніп, қисайған. Бұл оң қолдың (иық белдеуінің) бұлшықеттерінің жақсы дамуына және кеуделік қолқаның орналасуына байланысты болады. Партада дұрыс отырмауына байланысты балалар мен жасөспірімдер арасында мектептік сколиоз кездеседі. Әйелдерде кеуде кифозы мен бел лордозы еркектерге қарағанда жақсы дамыған. Қарт
адамдарда омыртқааралық дисктердің жұқаруына және омыртқа денелерінің орнынан жылжуына байланысты омыртқа бағанасы біраз қысқарып, кеуде кифозы ұлғая түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет