Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет64/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

Қабырғалық бөлігі, pars costalis төменгі алты қабырғадан басталып, centrum tendineum-де аяқталады.

  • Төстік бөлігі, pars sternalis төстің семсертәрізді өсіндісінің артқы бетінен басталып,

    centrum tendineum-де аяқталады.
    Рars sternalis пен pars costalis арасында төс-қабырғалық үшбұрыш, trigonum sternocostale орналасады; pars lumbalis пен pars costalis-тің жақын жиектері бел- қабырғалық үшбұрыш, trigonum lumbocostale-ні шектейді. Осы аталған кеңістіктерде кеуде және іш қуыстары тек шандырлармен және сірлі қабықтармен бөлінген.


    Мойын бұлшықеттері
    Мойынның шекаралары: жоғарыда corpus et ramus mandibulae,basis crania; төменде
    – төстің мойындырық тілігі және бұғаналардың жоғарғы беттері; латералді -
    m.trapezius-тің латералді жиегі.
    Мойын бұлшықеттерінің топографиясы бойынша жіктелуі:

    1. Көмей мен ірі тамырлардың алдында орналасқан бұлшықеттер:

    1.- беткей бұлшықеттер: m.platysma; m.sternocleidomastoideus; 2.- тіласты сүйегіне бекитін бұлшықеттер:


    а) os hyoideum-нен төмен орналасқандар: mm.omohyoideus, sternohyoideus, sternothyroideus, thyrohyoideus;
    б) os hyoideum-нен жоғары орналасқандар: mm.digastricus, mylohyoideus, geniohyoideus, stylohyoideus.

    1. Терең бұлшықеттер:
    1. – латералді топ: mm.scaleni anterior, medius, posterior;

    2. – медиалді топ: mm.longus capitis, longus colli, rectus capitis anterior, rectus capitis lateralis.



      1. Беткей бұлшықеттер

    Мойынның теріастылық бұлшықеті: platysma (m. subcutaneus colli);

    • басталатын жері: lamina superficialis f. pectoralis propriae;

    • бекитін жері: fascia parotideae m. masseterica-ға ауысады, беттің кейбір бұлшықеттеріне жалғасып кетеді: m. depressor labii inferioris, m. risorius;

    • қызметі: мойын терісін тартады, сөйтіп беткей веналармен қанның ағуын жеңілдетеді; алдыңғы будалары езуді төмен тартады.



    Төс-бұғана-емізік бұлшықеті, m. sternocleidomastoideus;

    • басталатын жері: медиалді басы – manubrium sterni;латералді басы –extremitas sternalis claviculae;

    • бекитін жері: processus mastoideus et linea nuchae superior

    • қызметі: омыртқа бағанасының мойындық бөлігін өз жағына иеді, сонымен бір мезгілде бас көтеріліп бет қарама-қарсы жаққа қарайды (бір жақты жиырылғанда); басты тік ұстау (екі жақты жиырылғанда).




      1. Тіласты сүйегіне бекінетін бұлшықеттер

    1) Тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттер. Жауырын-тіласты бұлшықеті: m. omohyoideus

    • басталатын жері: venter inferior - lig. transversum scapulae superius et margo superior scapulae;

    • бекитін жері: venter superior corpus os hyoideum.

    Төс-тіласты бұлшықеті, m.sternohyoideus

    • басталатын жері: facies posterior manubrium sterni, extremitas sternalis claviculae

    және art. sternoclavicularis-тің қапшығы;

    • бекитін жері: corpus os hyoideum

    Төс-қалқанша бұлшықеті: m. sternothyroideus

    • басталатын жері: facies posterior manubrium sterni et cartilagо costae 1;

    • бекитін жері: linea obliqua cartilagо thyroidea

    Қалқанша-тіласты бұлшықеті: m. thyrohyoideus

    • басталатын жері: linea obliqua cartilago thyroidea

    • бекитін жері: corpus os hyoideum

    • қызметі: осы бұлшықеттердің бәрі тіласты сүйегі мен көмейді төмен түсіреді.

    2. Тіласты сүйегінен жоғары орналасқан бұлшықеттер:
    Қос қарыншалы бұлшықет, m. digastricus

    • басталатын жері: venter posterior incisura mastoidea ossis temporalis; venter anterior fassa digastrica mandibulae

    • бекитін жері: екі қарыншасын қосып тұратын сіңірі арқылы corpus os hyoideum-ге бекінеді;

    • қызметі: төменгі жақсүйекті түсіреді; төменгі жақсүйек қозғалмай тұрғанда – тіласты сүйегін көтереді.



    Біз-тіласты бұлшықеті: m. stylohyoideus

    • басталатын жері: processus styloideus

    • бекитін жері: os hyoideum-нің үлкен мүйізінің негізі

    • қызметі: os hyoideum-ді жоғары және артқа қозғалтады

    Жақ-тіласты бұлшықеті, m. mylohyoideus

    • басталатын жері: linea mylohyoidea mandibulae

    • бекитін жері: ортаңғы сызықта екі жақтағы бұлшықеттер бірігеді де, raphe mylohyoideus түзеді; артқы будалары – corpus os hyoideum;

    • қызметі: os hyoideum-ді алға және жоғары қозғалтады; os hyoideum қозғалмай тұрғанда – төменгі жақсүйекті түсіреді.



    Иек-тіласты бұлшықеті, m. geniohyoideus

    • басталатын жері: spina mentalis

    • бекитін жері: corpus ossis hyoidei

    • қызметі: os hyoideum-ді алға және жоғары қозғалтады; төменгі жақсүйекті түсіреді.



    ІІ. Мойынның терең бұлшықеттері

    1. Латералді топ

    Алдыңғы, ортаңғы, артқы сатылы бұлшықеттер: mm. scalenі anterior, medius et posterior

      • басталатын жері: processus transversus C3-6

      • бекитін жері: tuberculum m. scaleni anterioris costae І ( m. scalenus anterior), sulcus

    a. subclaviae costae І артына (m. scalenus medius), costa II (m. scalenus posterior)
    - қызметі: І және ІІ қабырғаларды көтереді, егер қабырғалар қозғалмай тұрса – омыртқа бағанасының мойындық бөлігін өз жағына иеді; омыртқа бағанасын алға иеді (екі жақты жиырылғанда).



    1. Медиалді топ

    Бастың ұзын бұлшықеті, m. longus capitis

      • басталатын жері: processus transversus C3-7

      • бекитін жері: pars basilaris ossis occipitalis

      • қызметі: басты жан-жаққа бұру; басты алға иіу (екі жақты жиырылғанда).

    Мойынның ұзын бұлшықеті. m. longus colli (алдыңғы бұлшықеттің астында орналасады)

      • басталатын жері: вертикалді бөлігі – corpusC5-7, Th1-3; төменгі қиғаш бөлігі –

    corpusTh1-3; жоғарғы қиғаш бөлігі – processus transversus C3-6

      • бекитін жері: вертикалді бөлігі – corpus C2-4; төменгі қиғаш бөлігі – processus transversus C5-7; жоғарғы қиғаш – tuberculum anterius atlantis

      • қызметі: басты алға және бүйіріне иеді.

    Бастың алдыңғы тік бұлшықеті, m. rectus capitis anterior

    • басталатын жері: arcus anterior et processus transversus atlantis

    • бекитін жері: pars basilaris ossis occipitalis

    • қызметі: басты алға иеді

    Бастың бүйір тік бұлшықеті, m. rectus capitis lateralis

    • басталатын жері: processus transversus atlantis

    • бекитін жері: pars lateralis ossis occipitalis

    • қызметі: басты бүйіріне иеді.

    Мойын аймақтары мен үшбұрыштары

    1. Мойынның алдыңғы аймағы, region colli anterior, шекаралары:

    - латералді: алдыңғы жиегі mm. sternocleidomastoidei

    • төменнен: incisura jugularis manubrii sterni;

    • жоғарыдан: мойынның жоғарғы шекарасы.

      1. жауырын-тіласты (ұйқы) үшбұрышы, trigonum omohyoideum (cаroticum), шекаралары: m.sternocleidomastoideus-тің алдыңғы жиегі; venter superior m.omohyoideus және venter posterior m.digastricus;

      2. жауырын-кеңірдек үшбұрышы, trigonum omotracheale, шекаралары: ортаңғы сызық; m.sternocleidomastoideus-тің алдыңғы жиегі және venter superior m.omohyoideus;

      3. төменгі жақсүйекасты үшбұрышы, trigonum submandibulare, шекаралары: margo inferior mandibulae et m.digastricus;

      4. Пирогов үшбұрышының шекаралары: m.digastricus-тің сіңірі, m.mylohyoideus-тің артқы жиегі et n.hypoglossus.

    1. Төс-бұғана-емізік аймағы, regio sternocleidomastoidea, аттас бұлшықеттердің контурына сәйкес келеді; оның аяқшаларының арасында trigonum sternocleidomastoideum орналасқан.

    2. Мойынның бүйір аймағы, region colli lateralis, шекаралары:

    • алдында: m.sternocleidomastoideus-тің артқы жиегі;

    • артында: m.trapezius-тің латералді жиегі;

    • төменде: бұғананың жоғарғы жиегі.

    1. жауырын-бұғана үшбұрышы, trigonum omoclaviculare, шекаралары: clavicula, venter inferior m.omohyoidues және m.sternocleidomastoideus-тің артқы жиегі;

    2. жауырын-трапециятәрізді үшбұрыш, trigonum omotrapezoiduem, шекаралары: m.trapezius-тің жиегі, m. sternocleidomastoideus-тің артқы жиегі, venter inferior m.omohyoideus.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   171




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет