Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет127/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   171
Шүйделік үлес, lobus occipitalis, жоғарыда аталғандай шеке – шүйделік жүлгенің артқы жағында орналасады. Оның жүлгелері мен қатпарлары тұрақсыз және өзгермелі болып келеді.
Аралшық, insula, немесе аралшықтық үлес, lobus insularis, эмбриондық даму барысында, үлкен мидың латералды жүлге тереңіне енетін жоғарғы-латералды бетінің бөлігі болып табылады. Аралшық латералды жүлгенің жиектерін ашқанда ғана көрінеді. Ол ми сыңарының басқа бөліктерінен дөңгелек жүлге, sulcus circularis insulae, арқылы шектеледі. Оның бетінде, жүлгелер арқылы бөлінген аралшықтың ұзын қатпары, gyrus insulae longus, аралшықтың қысқа қатпарлары, gyri insulae breves, орналасады.


Ми сыңарының медиалды беті.
Ми сыңарының медиалды бетінде, facies medialis hemispherii, жекелеген үлестердің жүлгелері мен қатпарларынан басқа келесі құрылымдарды ажыратады.
Сүйелді дене, corpus callosum, – екі ми сыңарының біртектес бөліктерін бір-бірімен байланыстыратын, комиссуралық нерв талшықтарынан тұратын мықты дәнекер. Сүйелді дененің буылтығын, splenium, сабауын, truncus corporis callosi, иінін, genu corporis callosi, және төмен, артқа бағытталған құстұмсығын, rostrum corporis callosi, ажыратады. Құстұмсық төменгі жағында шекаралық табақшаға, lamina terminalis, жалғасады. Сүйелді дененің көлденең талшықтары ми сыңарларының тереңіне еніп, сүйелді дене тарамдарын, radiatio corporis callosi, түзеді.
Күмбез, fornix, сагитталды бағытта жүретін доғатәрізді екі ақ тәжден тұрады және сүйелді дене астында орналасады. Ол мидың ақ затына жатады және иіс сезу миының құрамына кіреді. Оң және сол күмбез орта тұсында бір-бірімен қосылып күмбез денесін, corpus fornicis, ал алдынан және артынан екіге бөлініп, алдыңғы жағында - corpora
mammillaria-мен байланысатын күмбез бағанасын, columnae fornicis, ал артқы жағында күмбез аяқшасын, crura fornicis, түзеді. Күмбез аяқшасы таламусты айналып, оң және сол бүйір қарыншалардың төменгі мүйіздеріне өтеді де, гиппокамп шашағына, fimbria hippocampi, ауысады. Күмбез аяқшаларының арасында splenium corpopis callosi деңгейінде көлденең нерв талшықтары түріндегі күмбез дәнекері, comissura fornicis, түзіледі. Бұл дәнекер оң және сол гиппокамптарды қосады. Күмбез бағаналарымен, сүйелді дене құс тұмсығының аралығында алдыңғы дәнекерді, comissura anterior (rostralis), ажыратады. Бұл дәнекер оң және сол жақтағы алдыңғы тесіктелген затты және екі жақтағы гиппокамп жанындағы қатпарларды бір – бірімен қосады.Екі дәнекер де иіс сезу миына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет