Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет162/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

Дабыл жарғағы (membrana tympani) сыртқы есту жолын дабыл қуысынан толығымен бөліп тұрады. Ол қиғаштанып, сыртқы беті төмен алға және сыртқа бағытталып, талшықты-шеміршекті сақина арқылы дабыл жүлгесіне бекіп тұрады. Пішіні дөңгелектенген (9x11) дабыл жарғағының барлық жері бірдей керілмеген: сыртқы жоғарғы квадрантта бос (керілмеген бөлігі) болса, ал қалған бөлігі керісінше керілген (керілген бөлігі). Екі бөлігі дабыл жарғағының артқы бетінде алдыңғы және артқы балғашықтық қатпар арқылы бір-бірінен бөлінген. Дабыл жарғағының сыртқы беті конус тәрізді иілген. Оның балғашық тұтқасына бекіген орталығы жарық түсіргенде жақсы анықталады, ол дабыл жарғағының кіндігі (umbo membranae tympani) деп аталады. Дабыл жарғағы сыртқы талшықтары радиалды (сәулелі қабат), ал ішкі қабаты циркулярлы (дөңгелек қабат) бағытта орналасатын фиброзды дәнекер тіннен тұрады. Ол сыртынан сыртқы есту жолы терісінің жалғасы болып табылатын жұқа эпидермалды қабатпен, ал ішкі жағынан дабыл қуысының шырышты қабатымен қапталған.
Дабыл қуысында бір-бірімен қарапайым буындар мен байламдар арқылы байланысатын үш есту сүйекшелерінен (ossicula auditus) - балғашық, төстік және үзеңгі - тұратын тізбек орналасады. Балғашық (malleus) сабымен дабыл жарғағының ішкі бетіне бекиді, ал шартәрізді басымен төстік (incus) ұңғылымен буындасады. Төстік байлам арқылы қысқа өсіндісімен дабыл қуысының төбесіне бекиді, ал рычаг иіні қызметін атқаратын ұзын өсіндісімен үзеңгімен (stapes) буындасады. Үзеңгі негізі кіреберіс
терезесін (fenestra vestibuli) жабады, бұл терезе жиегі мен үзеңгі негізінің арасында дәнекертінді қабат жатады.
Есту сүйекшелерінің арнайы бұлшықеттері болады, оларға төменгі жақсүейктік нервпен нервтенетін дабыл жарғағын керетін бұлшықет пен бет нервінен тармақ алатын үзеңгілік бұлшықет жатады. Бұл бұлшықеттердің қызметі негізінен дыбыс өткізуді реттеу. Сөйтіп, екі бұлшықет бірге жиырылғанда ортаңғы құлақтың барлық дыбыс өткізу аппаратының тербеліс амплитудасы азаяды, бұл қатты дыбыстардың өтуін жұмсартады.
Дабыл қуысы ішкі жағынан сүйекқабымен тығыз бітісетін шырышты қабықпен жабылған, ол артқы жағынан емізіктәрізді үңгірдің (antrum mastoideum), яғни емізіктәрізді өсіндінің ең үлкен ауалы қуысының және оның ұяшықтарының шырышты қабатына жалғасады. Дабыл қуысының шырышты қабаты алдынан есту (евстахиев) түтігінің шырышты қабатына жалғасады.
І желбезек доғасының туындысы болып табылатын есту түтігі (tuba auditivae) ортаңғы құлақ пен түтіктің жұтқыншақтық тесігі (ostium pharyngeum tuba auditibae) ашылатын жұтқыншақтың мұрын бөлігін байланыстырады. Ол бұлшықет-түтік өзегінің жартысын алып жататын сүйекті бөліктен және жұтқыншақтың мұрын бөлігінің аймағында орналасатын шеміршекті бөліктерден тұрады. Есту түтігінің шырышты қабаты кірпікшелі эпителимен қапталған және бойлық қатпарлар түзеді.
Есту түтігінің қабырғасымен жұмсақ таңдай бұлшықеттері байланысады, бұл бұлшықеттердің жиырылуы жұтынған кезде ауаның дабыл қуысына өтуін қамтамасыз етеді. Қуыстағы қысымды реттеу шырышты қабаттың ауаны сіңіруімен бір мезгілде жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет