Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет36/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   171
Буын қуысы, cavitas articularis, буындық беттермен және буын қапшығымен шектелген, ішінде синовиалық сұйықтық бар, саңылау пішінді тұйық кеңістік.
Буынның ішіндегі теріс қысым сүйектердің бір-бірінен ажырамауына жағдай жасайды. Синовиалық сұйықтық буындық беттерді ылғалдап, олардың үйкеліс күшін азайтады және оларды қоректендіруге қатысады.
Бірқатар буындардың басқа буындарда кездеспейтін қосымша анатомиялық құрылымдары: диск, мениск және ернеулері болады.
Буындық диск, discus articularis, шеміршек табақша, буын қуысын толық (өзара қатынаспайтын) екі бөлікке бөледі.
Буындық мениск, meniscus articularis, тізе буынында кездеседі, пішіні жартыай тәрізді шеміршек, буын қуысын жартылай екі қабатқа бөліп тұрады.
Буындық ернеу, labrum articulare, буындық ойыстың жиегіне бекіп, оны тереңдете түседі.
Диск, мениск, ернеулер буындық беттердің бір-біріне сәйкессіздігін жояды немесе азайтады. Дисктер және менисктер қимыл кезіндегі селкілді азайтады.


Буындар биомеханикасы
Адам буындарындағы қимылдар әртүрлі болып келеді. Осы түрлі қозғалыстар буындар биомеханикасы бойынша негізгі үш: фронталды, сагитталды және вертикалды біліктерді айнала жүреді.
Фронталды білікті айнала – бүгу, flexiо, және жазу, extensio, қимылдары іске асады. Қосылатын сүйектер арасындағы бұрыш кішірейеді немесе үлкейеді.
Сагитталды білік бойынша әкелу, adductio, және әкету, abductio, қимылдары жүзеге асады. Бұл жағдайда буындасатын сүйектің біреуі орталық жазықтыққа жақындайды немесе одан қашықтайды.
Вертикалды (бойлық) білік бойынша айналу, rotatio, қимылы жүргізіледі, ол ішке айналу, pronatio, және сыртқа айналу, supinatio, деп ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет