Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет146/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Жұлынның қабықтары 
Жұлынды үш қабық жауып жатады. 
Жұлынның қатты қабығы
, dura mater 
spinalis
,жұлынды сыртқы жағынан түтік түрінде қоршап жатады.Қатты қабық пен 


261 
омыртқалардың аралығында 
қатты қабықүстілік

эпидуралды
немесе 
перидуралды

қуыс, cavitas epiduralis
, орналасқан. Бұл кеңістікте (қатты қабық пен омыртқалардың 
аралығында ) көптеген дәнекер тіндік будалар тартылған және қатты қабықтың бүйір 
өсінділері жұлын нервтерінің қабықтарына жалғасады. 
Қатты қабықүстілік кеңістікте
шелмай және омыртқаішілік веналық өрім орналасқан. Мидың қатты қабығы жоғарғы 
жағында шүйделік үлкен тесікке бекіп , мидың қатты қабығына жалғасады , ал төменгі 
жағында II сегізкөз омыртқасының деңгейінде тұйық аяқталады. Осы жерде қатты қабық 
жұлынның басқа қабықтарымен тұтасып, соңғы жіптің қабығына жалғасады да 
,құйымшаққа бекиді. 
Қатты қабықтың ішкі жағындағы
 
жұлынның торлы қабығы
, arachnoidea spinalis

жұқа, түссіз және мөлдір (тамырлары жоқ ) болады, қатты қабық екеуінің аралығында 
жұқа саңылау 
– қатты қабықастылық кеңістік, spatium subdurale,
орналасады. 
Жұлынның жұмсақ қабығы
, pia mater spinalis,
жұлынға тығыз жанасып, оны 
тікелей жауып жатады және қан тамырларымен бай жабдықталған. Жұмсақ қабық пен 
торлы қабықтың аралығында едәуір көлемді 
торлы қабықастылық қуыс , cavitas
subarachnoidalis ,
орналасқан , оның іші 
ми – жұлын сұйықтығымен , liquor 
cerebrospinalis
, толған. Бұл кеңістік мидың аттас қуысына жалғасады. Жұмсақ қабықтың 
латералды бетінен, фронтальды жазықтықта орналасқан үшбұрышты 19-23 
тісті 
байламдар
,ligamentum denticulata
, шығады,олардың шеттері торлы қабықпен жабылып, 
көршілес екі жұлын нервтерінің аралығындағы қатты қабықтың ішкі бетінде аяқталады. 
Жұлынды тісті байламдардан басқа , жұмсақ қабық пен торлы қабықтың аралығындағы 
көптеген дәнекер тіндік жіпшелер де бекітіп тұрады. 
Жұлынның скелетотопиясына байланысты ми – жұлын сұйықтығын тексеруге алу 
үшін инені III- IV бел омыртқаларының аралығы арқылы өткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет