258
қарыншаны
,
ventriculus terminalis
, түзеді. Өзек нерв түтігінің қалдығы болып табылады,
оны
ми-жұлын
сұйықтығы
толтырып тұрады. Жұлынның
көлденең кесіндісінде сұр
заттың пішіні көбелекке немесе «H» әрпіне ұқсас болып келеді. Сұр заттың
алдыңғы
мүйізін
,
cornu anterius
, және
артқы мүйізін
,
cornu posterius
, ажыратады.
Олардың
арасында
орталық аралық
және
бүйір аралық
заттар
орналасқан.
Орталық аралық зат
,
substantia intermedia centralis
, орталық өзекті қоршап жатады.
Латералды аралық зат
,
substantia intermedia lateralis
,
орталық аралық заттың жалғасы болып табылады да,
жұлынның С
VIII
-L
II-III
сегменттерінде бүйірлік дөңесті-
латералды мүйізді
,
cornu laterale,
құрайды (латералды бағананың көлденең кесіндісі).
Substantia intermedia lateralis
–
вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің орталағы болып табылады.
Артқы мүйізде ендірме нейрондар орналасқан, олар ядролар құрап, сезімталдықтың
әр түрлерін қабылдайды.Артқы мүйізде
меншікті ядроны
,
nucleus proprius
,
кеуделік
ядроны
,
nucleus thoracicus,(
Кларк-Штиллинг ядросы )
сілікпе тәрізді затты
,
substantia
gelatinosa
және басқа да ядроларды ажыратады. Оларда жұлын түйінінде орналасқан
сезімтал нейрондардың орталық өсінділері (аксондары) келіп аяқталады. Орталық
өсінділер жұлынға артқы түбіршіктер арқылы енеді.
Жұлынның алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш нейрондар орналасқан.Олар бес:
латералды-алдыңғы,латералды-артқы, медиалды-алдыңғы, медиалды-артқы және орталық
ядроларды түзеді.Бұл нейрондардың аксондары жұлыннан алдыңғы түбіршіктің
құрамында шығып, жұлын нервісін түзуге қатысады.
Жұлынның
Достарыңызбен бөлісу: