81
Х
– бассүйек индексі
Н
– бассүйек ені
L
– бассүйек ұзындығы
75-тен 80-ге дейінгі индекс – ортабастылар (мезоцефалдар)
75-тен төмен – ұзынбастылар (долихоцефалдар)
80-нен жоғары – қысқабастылар (брахиоцефалдар)
Сүйек қосылыстары туралы ілім – артрология
(Arthrologia)
Сүйек қосылыстары тірек-қимыл аппаратының бір бөлігі болып табылады, олар
сүйектерді өзара қосып, байланыстырып тұрады. Сүйек қосылыстарының негізгі екі:
үздіксіз (үздіксіз) және үздікті (үздікті) түрлерін ажыратады. Сүйек қосылыстарының
үшінші түрі – жартылай буындар (симфиз) деп аталады.
Сүйектердің үздіксіз қосылыстары
Үздіксіз қосылыстар жағдайында сүйектер бір-бірімен дәнекер тін қабаты арқылы
байланысады. Үздіксіз қосылыстарда қозғалыс болмайды немесе өте аз көлемде іске
асады.
Омыртқалылар эволюциясында және адам эмбриогенезінде алдымен үздіксіз,
одан кейін үздікті қосылыстар пайда болады.
Халықаралық анатомиялық номенкулатура бойынша (Нью-Йорк 1998, Мәскеу,
2003;) үздіксіз қосылыстар – фиброздық, шеміршектік және сүйектік деп бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: