Фиброзды қосылыстар,
articulationes fibrosae
,
сүйектердің әр түрлі дәнекер тін
арқылы қосылуымен сипатталады. Бұл қосылыстарға синдесмоздар, жіктер және қағу
жатады.
82
Синдесмоздар, syndesmosis
,
сүйектердің өзара – сүйекаралық жарғақтар мен
байламдар арқылы байланысуын біріктіреді.
Сүйекаралық жарғақтар, membranae interossea,
жіліктерді (білекте, сирақта)
байланыстырады.
Байламдар, ligamenta,
дегеніміз көршілес сүйектерді немесе олардың бөліктерін
қосатын тығыз талшықты дәнекер тіннің әртүрлі пішінді будалары.
Жіктер, suturae,
– бассүйек сүйектерінің жиектерін дәнекер тіннің жұқа қабаты
байланыстырады. Қосылатын сүйектер жиектерінің пішініне байланысты жіктердің үш
түрін ажыратады:
1.
Тісті жік, sutura serrata,
– жиектерінде қисық кетіктері бар мисауыт күмбезі
сүйектерінің аралығында орналасқан.
2.
Қабыршақты жік, sutura squamosa,
– бір сүйектің қиғаш жиегі екінші
сүйектің де осындай жиегімен байланысады. Бұл жік самай сүйектің
қабыршақтық бөлігін шеке сүйектің қабыршақтық жиегімен қосады. Жіктер
жүрген, секірген кездердегі селкілді азайту аймақтары болып табылады.
3.
Тегіс жік, sutura plana,
– бет сүйектерінің тегіс жиектерін бір-бірімен қосады.
Қағу, gomhosis,
немесе тіс ұяшықтық қосылыс
(articulatio dentoalveolaris)
– бір
сүйек екінші сүйекке қағылған сияқты көрініп тұрады, тістердің түбірлері мен
жақсүйектердің тістік ұяшықтарының арасында дәнекер тіннің жұқа қабаты орналасқан
(периодонт), бұл қосылыс тек осы жерде ғана кездеседі.
Синхондроздар,
synchondroses
,
немесе шеміршектік қосылыстар
(articulationes
cartilaginae)
деп сүйектердің шеміршектік тін арқылы қосылуы аталады. Бұл
қосылыстар беріктілігі және серпімділігімен сипатталады. Құрылымы бойынша
гиалинді
(қабырғалық шеміршектер) және
талшықты
(омыртқааралық дисктер)
шеміршектерді ажыратады.
Сақталу уақытына байланысты тұрақты (омыртқааралық дисктер, бассүйектің
жыртық тесігінің шеміршегі) және уақытша синхондроздар деп бөлінеді. Уақытша
синхондроздар белгілі бір жаста сүйекке айналады (синостоз), мысалы, жамбас
сүйектің үш бөлігі: мықын, қасаға және шонданай сүйектері 12-16 жасқа дейін өзара
шеміршекпен байланысады.
Сүйектік қосылыстар (
синостоз
,
synostosis
) сүйектер арасындағы шеміршектің
орнын сүйектік тін басқан жағдайда пайда болады, мысалы, жамбас сүйектің үш
бөлігінің арасындағы синостоз.
|