105
Аяқ сүйектерінің қосылыстары
Аяқ белдеуі сүйектерінің қосылыстары
Жамбас сүйектері сегізкөзбен және өзара үздікті, үздіксіз
және симфиз арқылы
қосылады. Аяқ белдеуінің буындары тіректік қызметіне орай аз қозғалысты болып
келеді.
Сегізкөз-мықын буыны
, articulatio sacroiliaca,
сегізкөз бен мықын сүйектерінің
құлақтәрізді буындық беттерінен түзілген. Пішіні бойынша жалпақ, қозғалысы жоқ
дерлік буындарға жатады.
Буын қапшығы тығыз тартылып, буындық беттердің
жиектеріне бекиді. Буынды алдыңғы жағынан буын қапшығымен бітісіп кеткен
сегізкөз-мықындық алдыңғы байламдар, ligg. sacroiliaca anteriora,
бекітеді.
Буынның
артқы бетінде
сегізкөз-мықындық артқы байламдар, ligg. sacroiliaca posteriora,
орналасқан.
Артқы
байламдардың
астында,
сегізкөздік
және
мықындық
бұдырмақтардың аралығында,
буын қапшығымен тұтасқан, осы буынның ең мықты
байламдары –
сегізкөз-мықындық сүйекаралық байламдар, ligg. sacroiliaca interossea,
жатады. Буынды нығайтуға, төртінші және бесінші
бел омыртқаларының көлденең
өсінділерінен басталып, сегізкөздің латералды қырына бекитін
мықын-белдік байлам,
ligg. iliolumbale,
қатысады.
Қасаға симфизі
, symphisis pubica,
орталық
жазықтықта орналасып, қасаға
сүйектерін өзара қосады. Қасаға сүйектерінің симфиздік беттері әйелдерде қалыңдау,
талшықты шеміршекпен жабылған. Олар бір-бірімен фиброзды-шеміршекті
қасағаралық диск, discus interpubicus,
арқылы тұтасқан.
Шеміршектің ішінде көбінесе
(әйелдерде жиірек) сагитталды бағытта орналасқан, ішінде синовиалық сұйықтығы бар,
жіңішке саңылау түріндегі қуыс орналасады (симфиз). Қасаға симфизінің байламдары:
қасағалық жоғарғы байлам, lig. pubicum superius,
қасаға сүйектерін симфиздің үстіңгі
жағында қосады;
қасағаның доғатәрізді байламы, lig. arcuatum pubis,
симфиздің
астында орналасып, қасағаастылық бұрышты доғалдап тұрады.
Қасағаастылық
бұрышты, angulus subpubicus,
оң және сол жақтағы қасаға сүйектерінің
төменгі
тармақтары мен симфиздің төменгі жиегі түзеді. Әйелдерде доғаастылық бұрыш
кеңдеу, доғалдау болып келеді де –
қасағалық доға, arcus pubis
деп аталады.
Әйелдердегі қасағааралық диск еркектерге қарағанда қалыңдау болады және босану
кезінде симфизде аздаған қозғалыс болуы мүмкін.
106
Аяқ белдеуінде аталған қосылыстардан басқа,
буыннан біраз қашықтықта
орналасқан байламдар мен жарғақ бар.
Сегізкөз-төмпелік байлам, lig. sacrotuberale,
шонданай төмпесінен басталып,
сегізкөз бен құйымшақтың латералды жиектеріне бекиді.
Сегізкөз-қылқандық байлам, lig. sacrospinale,
шонданай қылқанын сегізкөзбен
және құйымшақтың
латералды жиектерімен қосып, сегізкөз-төмпелік байламның
алдында және жоғары орналасады. Аталған екі байлам
шонданайлық үлкен және кіші
тесіктерді, foramen ischiadicum majos et minus,
шектейді.
Жапқыш жарғақ, membrane obturatoria,
аттас тесікті жауып тұрады. Жапқыш
жарғақтың жоғарғы жиегі мен қасаға сүйектің жоғарғы тармағының астында
жапқыш
өзегі, canalis obturatorius,
өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: