Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Білек сүйектерінің қосылыстары



Pdf көрінісі
бет53/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   208
Білек сүйектерінің қосылыстары 
Шынтақ жілік пен кәрі жілік үздіксіз және үздікті қосылыстар арқылы 
байланысқан. Екі сүйектің сүйекаралық жиектерінің аралығында 
білектің сүйекаралық 
жарғағы, membrana interossea antebrahii, 
орналасады. Сүйекаралық жарғақтың 
проксималды және дисталды бөліктерінде тамырлар мен нервтер өтетін тесіктер бар. 
Жоғарыда көрсетілгендей articulatio radioulnaris proximalis шынтақ буынының 
құрамына кіреді. Дисталды шынтақ-кәрі жілік буыны
, articulatio radioulnaris distalis, 


101 
кәрі жіліктің шынтақтық тілігі мен шынтақ жіліктің басынан түзілген. Кәрі жіліктің 
шынтақ жіліктік тілігінің
төменгі бөлігі мен шынтақ жіліктің бізтәрізді өсіндісінің 
арасында фиброзды 
буындық диск, discus articularis,
орналасқан. Ол дисталды кәрі-
шынтақ жілік буынын кәрі жілік-білезік буынынан бөліп тұрады. Буынның қапшығы 
бос, мықты, буындық беттер мен дисктер жиегіне бекиді. Буын қуысының екі жіліктің 
аралығындағы проксималды бағытталған бөлігі 
қаптәрізді ұңғыл, recessus sacciformis, 
деп аталады. Проксималды және дисталды кәрі-шынтақ жілік буындары пішіні 
бойынша цилиндртәрізді, бір білікті және үйлесімді буын. Бұл буындарда кәрі жілік 
шынтақ жілікті айнала қозғалады: кәрі жіліктің проксималды шеті (эпифизі) орнында 
тұрып, вертикалды білік бойынша екі буында айналады (articulatio radioulnaris 
proximalis және humeroradialis-терде), төменгі шеті - шынтақ жіліктің басын айнала 
қозғалады. Шынтақ жілік қозғалыссыз күйінде қалады. Кәрі жілік қозғалғанда қол басы 
бірге қозғалады (пронация және супинация). Шынтақ-кәрі жілік буындарындағы 
қозғалыс көлемі 180° шамасында болады. 
Кәрі жілік-білезік буыны мен қол басы сүйектерінің қосылыстары 
Кәрі жілік-білезік буыны
, articulatio radiocarpalis, 
адамда өте жетілген буын. 
Буынды проксималды жағынан кәрі жіліктің білезіктік буындық беті, буындық диск 
және дисталды жағынан білезіктің проксималды қатарының үш: қайықтәрізді, 
жартыайтәрізді және үшқырлы сүйектері түзеді. 
Буындық диск
, discus articularis, 
шынтақ жіліктің басын білезік сүйектерінің 
проксималды қатарынан бөліп тұрады. Осыған байланысты шынтақ жілік, кәрі жілік-
білезік буынын құруға тікелей қатыспайды. Құрылымы бойынша бұл буын күрделі, 
пішіні бойынша – эллипстәрізді, екі білікті, кешенді буын. Фронталды білік бойынша – 
бүгу (80°-дейін) және жазу (45° шамасында); сагитталды білік айналасында – әкелу 
(40°-дейін) және әкету (20°-дейін), сонымен қатар циркумдукция (шеңбер бойынша 
айналу) қызметтері іске асады. Буын қапшығы жұқа, қосылысатын сүйектердің 
буындық беттерінің жиектеріне бекиді. Буын қапшығын нығайтатын байламдар: 
латералды жағында – 
білезіктің кәрі жіліктік жанама байламы, lig.collaterale carpi 
radiale
– кәрі жіліктің бізтәрізді өсіндісінен қайықтәрізді сүйекке барады; медиалды 
жағында – 
білезіктің шынтақ жіліктік жанама байламы, lig.collaterale carpi ulnare
– 
шынтақ жіліктің бізтәрізді өсіндісінен бұршақтәрізді сүйекке барады; алдыңғы жағында 


102 
– 
кәрі жілік-білезіктік алақандық байлам, lig. radiocarpale palmare,
кәрі жіліктің 
дисталды шетінің алдыңғы бетінен басталып білезік сүйектерінің проксималды 
қатарына және басты сүйекке барады; 
кәрі жілік-білезіктік сыртқы байлам, lig. 
radiocarpale dorsalе,
кәрі жіліктің дисталды эпифизінің артқы бетінен басталып, білезік 
сүйектерінің проксималды қатарына барады. 
Білезіктің ортаңғы буынын
, articulatio mediocarpalis,
білезіктің проксималды 
қатарының үш сүйегі (бұршақтәрізді сүйектен басқасы) мен дисталды қатардың 
сүйектері түзеді. Буын қуысы S-тәрізді саңылау түрінде болады да, оның бөліктері 
сүйектердің аралықтарына еніп тұрады. Буын қуысының мұндай пішінді болу себебі, 
қайықтәрізді сүйек (проксималды қатардан) бір жағынан, басты сүйек пен ілмектәрізді 
сүйек (дисталды қатар) екінші жағынан буын қуысына еніп тұрады. Буын қапшығы 
буындық беттердің жиектеріне бекиді, сыртқы жағынан өте жұқа, біраз бостау болып 
келеді. Қосылысатын буындық беттердің көлемдерінің айырмашылығы аз, сондықтан 
бұл аз қосылысты буындарға жатады, қимыл тек фронталды білік айналасында (бүгу, 
жазу), кәрі жілік-білезік буынындағы қозғалыспен бірге іске асады (үйлесімді буын). 
Буын қуысы білезікаралық буындардың қуыстарымен жалғасады. 
Білезікаралық буындар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет