Алақандық сүйекаралық бұлшықеттер ,
mm. interossei palmares: - басталатын жері: біріншісі –
os metacarpale II-нің медиалді беті, екінші және үшіншісі
–
ossa metacarpalia IV және V-тің латералді беті;
- бекитін жері: II, IV және V саусақтардың проксималді бунақтарының алақандық беті
және ортаңғы мен дисталді бунақтардың сыртқы беттері;
- қызметі: II, IV және V саусақтарды ортаңғыға әкелу; проксималді бунақты бүгу және
ортаңғы және дисталді бунақтарды жазу.
Сыртқы сүйекаралық бұлшықеттер , mm.interossei dorsales:
- басталатын жері: көршілес алақан сүйектерінің бір-біріне қараған беттері;
- бекитін жері: II-IV саусақтардың проксималді бунақтарының алақандық беті, ортаңғы
және дисталді бунақтардың сыртқы беті;
- қызметі: II және IV саусақтарды ортаңғыдан әкету; II-IV саусақтардың проксималді
бунақтарын бүгу және ортаңғы мен дисталді бунақтарды жазу.
ҚОЛДЫҢ ТОПОГРАФИЯСЫ 1. Иық белдеуінің топографиясы Қолтық шұңқыры, fossa axillaris, шекаралары:
- алдында: m.pectoralis major-дың төменгі жиегімен жүретін терілік қатпар;
- артында: m.latissimus dorsi-дің төменгі жиегімен жүретін терілік қатпар;
- латералді: иық терісі;
- медиалді: кеуде торының бүйір бетінің терісі.
Қолтық қуысы , cavitas axillaris, бұлшықеттік қабырғалары:
- алдыңғы қабырғасы: m.pectoralis major et m.pectoralis minor;
- артқы қабырғасы: m.teres major et m.subscapularis;
- медиалді қабырғасы: m.serratus anterior;
- латералді қабырғасы: m.biceps brachii et m.coracobrachialis;