Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет12/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Сүйектенуі. 
Жауырынның сүйектенуі шеміршектік негізден, эмбриогенездің 
екінші айының соңында басты үш нүктеден (жауырын қылқаны да осыдан дамиды) 
басталады. Құстұмсық тәрізді өсінді 1 жаста сүйектеніп, 13-16 жаста жауырын 
денесімен бітіседі. Жауырынның төменгі бұрышында бірнеше нүктелер 16 жаста пайда 
болып, жауырынның денесімен 18-20 жаста қосылады, осы уақытта сүйектену үрдісі 
аяқталады.
Бұғана (clavicula) көптеген сүтқоректілердің үлкен жылдамдыққа бейімделуінен 
(тұяқтылар және т.б.) бұғана толығымен жойылып кеткен. Бұғана жауырын 
акромионымен төс сабауы аралығында орналасқан S әрпі тәрізді, аздап иілген түтікті 
сүйек. Оның екі ұшы бар: домалақ, қалыңдау, төспен байланысатын буындық беті бар – 
төстік ұшы (extremitas sternalis) және жалпақ жауырын акромионымен буындасатын 
кішігірім буындық алаңы бар – акромиалды ұшы (extremitas acromalis). Бұғананың 
жоғарғы тегіс, төменгі бұдыр беттерін және алдыңғы, артқы имек жиектерін 
ажыратады. Бұғана екі жақты дамыған, оның төстік ұшы шеміршектік карокоидтан 
пайда болса, ал ортаңғы бөлігі жабын сүйектерінің тармағы болып саналады.
Сүйектенуі. 
Бұғана сүйектің сүйектену нүктесі эмбриогенездің 6-шы аптасында 
16-18 жаста оның төстік ұшында пайда болып, сүйектену үрдісі 20-25 жас аралығында 
аяқталады. Иық белдеуі сүйектерінің морфологиялық негізгі ерекшеліктері қолдың 
қызметінің өзгеруімен тығыз байланысты. Адам кеуде торы алдынан артына қарай 
қысыңқы болғандықтан жауырынның буындық ойысы латералды ығысып, кеуде 


21 
қуысының артына тығыз жанаса орналасады, салыстырмалы төртаяқты сүтқоректілерде 
вентралды, ал адам тәрізді маймылдарда краниалды бағытталған. Осының барлығы 
жақсы дамыған бұғана мен акромионға бірігіп, тоқпан жілікті әкететін, айналдыратын 
бұлшықеттер бекитін үлкен орын болуы, осымен қатар ерікті қол бөлігінің ауқымды 
еркін қозғалысына мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет