Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет15/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Сүйектенуі.
 
Қол басы сүйектері рентгендік зерттеу үшін ең қолайлы объект. 
Білезік сүйектерінің сүйектену нүктелері: үшқырлы – 3 жаста, ай тәрізді – 4 жаста, 
қайық тәрізді – 5 жаста, трапеция және трапеция тәрізді сүйектер сәйкесінше – 5-6 


24 
жаста. Бұршақ сүйек қыздарда 7-12 жаста, ал ер балаларда 10-15 жаста пайда болады. 
Бунақтарда (phalanx) сүйектену нүктелері қыздарда 10-15 жаста, ер балаларда 13-17 
жаста айқындалады. Алақан сүйектерінде сүйектену 2-3 жаста көрінеді. Қол басы 
сүйектерінің сүйектенуі ерлерде 19-23 жаста, ал әйелдерде 17-21 жас шамасында толық 
аяқталады. 
 
Аяқ сүйектері 
 
Аяқ сүйектері (ossa membri inferioris) жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігінен 
құралған. Жамбас белдеуінің (cingulum membri inferioris) иық белдеуінен 
айырмашылығы – ол бір-бірімен және сегізкөзбен қосылып, айналасы тұйық сақина 
тәрізді құрылым түзеді. Барлық сүтқоректілердің жамбас белдеуі екі жамбас сүйегінен 
тұрады (os coxae), ал адамдарда олар өзінің салмақтылығымен және тек өзіне тән 
пішінімен ерекшеленеді. 
Адамдарда 14-16 жасқа дейін жамбас сүйек бір-бірімен талшықты шеміршек 
арқылы байланысқан жеке үш сүйектен (мықын, қасаға және шонданай) құралған, ал 
20-22 жаста олар бір-бірімен толықтай бітіседі. Жамбастың сыртқы бетінде осы 
сүйектердің қосылған орнында ортан жіліктің басымен байланысатын тостақ тәрізді 
терең ұршық ойысы (acetabulum) орналасқан. Ұршық ойысының ішінен сырты 
буындық шеміршекпен қапталған жарты ай тәрізді буындық бет, түбінде ұршықтық 
шұңқыр (ортан жілік басы байламы бекиді) және төменгі жиегінде ортан жілік басын 
қоректендіретін қан тамырлары өтетін ұршықтық тілік бар. Әр жамбас сүйектің 
алдында жоғары және ішінен қасаға, ал төмені және бүйірінен шонданай сүйектерімен 
шектелген жапқыш тесік (foramen obturatorium) орналасқан. Мықын сүйек (os ilium) (55 
сурет) ашылған желпуіш тәрізді, оның ішкі беті доға тәрізді сызықпен ұршық ойысына 
жанасып жатқан кішілеу, қалың денесіне және жоғарғы кең бөлігі қанатына бөлінеді. 
Мықын сүйек қанаты (ala ossis ilii) алдында сәйкес бұлшықет жататын мықындық 
шұңқыры (fossa iliaca) бар ішкі бетінен және өне бойында бөкселік бұлшықеттер 
жататын сыртқы бөкселік бетінен тұрады. Онда бөкселік бұлшықеттер бекитін 
алдыңғы, артқы және төменгі сызықтарды ажыратады. Қанаттың жоғарғы жиегі 
қалыңдап мықын сүйектің қырымен (crista iliaca) аяқталады. Қыры сыртқы, ішкі аралық 
ернеулерден түзілген. Қанат қыры алдынан – алдыңғы жоғарғы, алдыңғы төменгі 


25 
қалқандармен (spina iliaca anterior superior et inferior), ал артынан – артқы жоғарғы
артқы төменгі қылқандармен (spina iliaca posterior superior et inferior) тұйықталады. 
Артқы төменгі қалқанның астында шонданай сүйегінде шонданайдың үлкен 
тілігі (incisura ischiadica major) анықталады. Қанаттың ішкі бетінде мықын шұңқырынан 
төмен және артында құлақ тәрізді бет (facies auricularis) жатады, ал оның артында және 
жоғары сегізкөздің сәйкес түзілісімен қосылатын мықын бұдырмағы (tuberositas iliaca) 
орналасқан.
Қасаға сүйек (os pubis) – ұршық ойысының алдыңғы бөлігі түзетін денесіне және 
бір-бірімен бұрыштасып қосылатын, үстінде латералды бағытта қырға жалғасатын 
қасаға төмпешігі (tuberculum pubicum), ал астында жапқыш жүлгесі бар жоғарғы және
жапқыш тесікті тұйықтайтын төменгі тармақтарын ажыратады. Қасаға және мықын 
сүйектері денелерінің бітіскен орнында мықын-қасаға томпағы (emenentia iliopubica) 
түзіледі. Қасаға сүйек медиалды жағынан симфиздік беті арқылы қарама-қарсы аттас 
сүйекпен қосылады.
Шонданай сүйек (os ischii) – ұршық ойысының басты бөлігін құрайтын денесінен 
және алдынан қасаға сүйекпен қосылатын тармағынан тұрады. Шонданай сүйектің 
артқы жиегінен жоғарғы үлкен шонданай тілігін (incisura ischiadica major) төменгі кіші 
шонданай тілігінен (incisura ischiadica minor) бөліп тұрған шонданай қылқанын (spina 
ischiadica) көруге болады. Шонданай сүйек тармағының артқы төменгі бөлігінде 
бұдырмалы жуан шонданай төмпесі (tuber ischiadicum) орналасады.
Ортан жілік (femor) түтікті сүйектердің ең жуаны және үлкені. Ортан жіліктің екі 
шетін (эпифиз) және денесін ажыратады. Проксималды шеті ортасына таман ортан 
жілік басы байламы бекитін кішкене шұңқыршасы бар (fovea capitis femoris) дөңгелек 
жұмырланған басымен (caput femoris) аяқталады. Жілік басы сүйектің қалған бөлігінен 
мойны (collum femoris) арқылы қосылады. Мойынның ортан жіліктің денесіне 
ауысатын жерінде ұршық (апофиз) деп аталатын төмпелерді көруге болады. Үлкен 
ұршық (trochanter major) ортан жіліктің жоғарыда аяқталған жері, ал мойынның төменгі 
жиегінің медиалды жағынан шамалап артқа қарай бұрылған кіші ұршық (trochanter 
minor) анықталады. Үлкен ұршықтың мойынға қараған медиалды бетінде бұлшықеттер 
мен байламдар бекитін ұршықтық шұңқыр (fossa trochanterica) орналасқан. Ортан 
жіліктің денесі алға қарай шамалы иілген дұрыс емес цилиндр тәрізді. Дененің артқы 
бетінде екі сызықша леатералды және медиалды ернеуден (labium laterale et mediale) 
тұратын, сан бұлшықеттері бекитін бұдырлы сызық (linea aspera) орналасқан. Ол 


26 
жоғарында бір-бірінен ажырап, латералды ернеу бөкселік бұдырмақпен (tuberositas 
glutea), ал медиалды ернеу қырлы сызықпен (linea pectinea) аяқталады, төмендегі 
айырығы жіліктің артқы бетінде тегіс үшбұрышты тақымдық алаңды (facies poplitea) 
шектейді.
Ортан жіліктің төменгі шеті (дисталды эпифиз) осындай буын беттері бар асықты 
жілікпен буындасатын медиалды және латералды айдаршықтардын (condulus medialis et 
lateralis) түзілген. Әр айдаршықтың бүйір беттерінде, жоғарылау, бұдырлы медиалды 
және латералды айдаршықүстілер (epicondulus medialis et lateralis) орналасқан. 
Айдаршықтардың буын беттері алдыңғы жағынан бір-біріне ауысып, тізені бүккенде 
тізе тобығымен (patella) жанасатын тізе тобықтық бетке (facies patellaris) айналады, ал 
айдаршықтардың екі аралығын айдаршықаралық шұңқыр (fossa intercondularis) деп 
атайды.
Тізе тобығы (patella) тізе буынының алдынан өтетін төртбасты сан бұлшықеті 
сіңірінің арасында дамитын, жалпақ, қалың дән тәрізді сүйектерге жатады. 
Оның жоғарғы кең шеті негізі (basis patellae) және төменгі сүйріленген ұшы (apex 
patellae). Артқы бетінде ортан жіліктің тобықтық бетімен жанасатын (facies patellaeris)
тегіс буындық беті (facies articularis) бар, алдыңғы беті бұдырлы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет