20
жиектер бір-бірімен үш бұрыш арқылы қосылады:
қалың төменгі, ең жұқа жоғарғы
және жауырынның мойны (collum) мен буындық ойысы (cavitas glenoidalis) орналасқан,
латералдық. Ойыстың жоғарғы және төменгі жиектерінде иықтың екі және үш басты
бұлшықеттерінің ұзын бастары басталатын буынүстілік
және буынастылық
төмпешіктер (tuberculum supra- et infraglenoidale) орналасады. Жауырында екі бетті
ажыратады: үстінде үшбұрыш пішінді көлденең бағыттағы,
қалыңдаған бос ұшы
ауқымды өсінді – акромионмен аяқталатын жауырын қылқаны (spina scapula)
орналасқан дорсалды (артқы) беті. Акромионның ұшында бұғанамен байланысатын
буындық бет болады.
Жауырын қылқаны артқы беттің тең емес екі шұңқырға бөледі: қылқанүсті (fossa
supraspinata) және қылқанасты (fossa infraspinata), бұларда аттас бұлшықеттер жатады.
Қабырғалық (алдыңғы) беті біршама ойыстау,
жауырынасты бұлшықеті
орналасқан жауырынасты шұңқырын түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: