Егер мониторды ақпаратты бейнелеу құрылғыларына жатқызса,
онда принтер – типтік баспа құрылғысы.
Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара əрекеттесуі
мынадай тəртіппен жүзеге асырылады. Компьютердің жадысына
қандай да бір сыртқы құрылғының көмегімен бағдарлама ендіріледі.
Компьютердің жадысы номерленген ұяшықтар санынан тұрады.
Әрбір ұяшықта өңделетін деректер немесе бағдарламалардың
нұсқаулықтары бола алады. Бағдарламаның келесі командасы
алынып шығатын тізбекті жады ұяшығының номері (адресі) арнайы
құрылғымен – БҚ-да командалар есептеуішімен көрсетіледі.
Басқару құрылғысы бағдарламаның алғашқы нұсқаулығы
(команда) болатын жады ұяшығының ішіндегісін оқиды жəне оның
орындалуын ұйымдастырады. Бір команданың орындалуынан кейін
басқару құрылғысы жаңа ғана орындалған команда болатын
ұяшықтың артында болатын жады ұяшығынан команданы орындай
бастайды.
Басқару құрылғысы бағдарлама нұсқаулықтарын автоматты
түрде орындайды жəне жедел жадтау құрылғысымен жəне
компьютердің сыртқы құрылғыларымен ақпарат алмаса алады.
Сыртқы
құрылғылар
компьютердің
басқа
бөліктерімен
салыстырғанда баяу жұмыс жасайтындықтан басқару құрылғысы
бағдарламаның
орындалуын
енгізу-шығару
операциясының
аяқталуына дейін тоқтата тұра алады. Орындалған бағдарламаның
барлық нəтижелері компьютердің сыртқы құрылғыларына
шығарылуы тиіс, содан соң компьютер сыртқы құрылғылардың
қандай да бір сигналдарын күтуге көшеді..
Заманауи компьютердің құрылғыларының схемалары алдында
келтірілгеннен біршама өзгеше. Мысалы, арифметикалық-
логикалық құрылғы мен басқару құрылғысы бір құрылғыға
біріктірілген —
Достарыңызбен бөлісу: