2.4
-сурет. Типтік аналық тақта құрылымы
■
қайта бағдарламаланатын жады микросхемасы (EEPROM), онда
бағдарламалар, POST, операциялық жүйені жүктеу бағдарламасы,
құрылғылар
драйверлері, бастапқы орнатылымдар (CMOS Setup)
сақталады. Микросхема BIOS ретінде белгіленген (сур. 2.4);
■
ДК барлық компоненттері арасында деректер алмасуды басқару үшін
жоғары интеграция дəрежесінің микросхемалар жинағы (Chipset);
■
НDD, FDD, CD-ROM тасымалдағыштарын қосуға арналған
жалғағыштар, перифериялық құрылғыларды (тінтуір, модем жəне т.б.)
қосуға арналған тізбекті порттар, принтерді,
кейбір типті сканерлерді
қосуға арналған параллель порттар;
■
СМОS
жадысының
микросхемасын
қоректендіруге
арналған
аккумуляторлық батарея, онда ағымдағы BIOS (СМOS Setup) жəне
электрондық таймердің (жүйелік сағаттың) баптаулар сақталады.
Жүйелік тақтаның барлық компоненттері ақпарат алмасу жүретін бір-
бірімен өткізгіштер жүйесімен өзара байланысты.
33
Желілердің осы жиынтығын ақпараттық шина, немесе жай шина (Bus)
деп атайды.
ДК əр түрлі шиналарға қосылған компоненттері мен құрылғылары
арасындағы өзара əрекеттесуі Chipset микросхемаларының бірінде іске
асырылған көпірлер көмегімен жүзеге асырылады. Мысалы, ISA жəне PCI
шинаны қосуға арналған көпір 82371АВ микросхемасында жүзеге
асырылған (2.4 суретті қараңыз).
Жүйелік
тақтаның өлшемдері, тақтаны корпус түбімен қосатын оның
ішіндегі саңылаулар стандартталған. Жүйелік тақталардың негізгі типтік
өлшемдері 2.1 кестеде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: