Монитор жарықтылығы — пайдаланушының жұмысының
жайлы жағдайын қамтамасыз ететін маңызды параметр, себебі
жоғары жарықтылық көздің шаршауына əкеледі, ал өте төмен
жарықтық та тек қана көзді тікпейді, сонымен қатар көздің
қосымша шаршауына əкеледі. Мұндай режимде көптеген LED-
мониторларының жарықтануы барынша жылтылдап бастайды жəне
көз
қарашығы
монитор
матрицасының
барлық
бетінің
жарықтығының өзгеруіне ілесуге тырысу керек. Ең көп
жарықтылықты 250 кд/м
2
монитор үшін оңтайлы мəн 70 ... 90 %
болып табылады — үңілмеу үшін кескін жеткілікті жарық, бірақ бұл
кезде көзді талдырмау үшін жылтылдау əлсіз білдіріледі.
Монитордың аналогтық және цифрлық кірулері. Көптеген
мониторларда қолданыста ескірген аналогтық кіруі болады D-SUB
(VGA) — басқа құрылғылармен ең үйлесімдісі. HD жəне одан да аса
ажыратымды мониторлар үшін цифрлық кірулердің болуы
ұсынылады — DVI немесе HDMI (екіншісі қолайлысы, себебі оның
өткізу қабілеті үлкен, аудиоға арналған кіріктірілген арнасы бар).
Кіріктірілген динамикалар мен вебкамера қазіргі заманғы
мониторлардың міндетті элементтері болып табылады.
Мониторлардың сенімділігі барынша жоғары – бірінші жарты
жылдықта бұзылатындары тек қана 1 % аз болады. Мониторлар
техникалық ақаулық себебіне қарағанда моралдық тозу себебі
бойынша істен шығады. Сарапшылар Samsung пен Philips LED-
мониторлары ең сенімді жəне көп бұзылмайтындығын атап
көрсетеді.
Мониторды сатып алар кезде монитордың сапасын анықтайтын
көрсеткіштер қатарына көңіл аудару керек.
Шолу бұрышы мониторға түрлі бұрышпен қараған кезде
бақыланады (солдан-оңнан, жоғарыдан-төменнен). Бұл кезде кескін
қатты бұрмаланбау қажет.
Қара түстің тереңдігі келесі тест арқылы анықталады. Мəзірде
ашықтықты ең көбіне орнатады, содан кейін одан барлық сигнал
кабельдерін ажыратады – қара экранда əдетте «Check Signal Cable»
типті жазу пайда болады. Экранның қара түсі оның ауданы
бойынша біркелкі жəне сұр немесе ашық-сұр болмауы керек.