3D -мониторлар Стереоскопиялық кескін алудың бағыттарының бірі
3D-
мониторларын қолдану болып табылады.
3D-мониторлар
стереовизуалдау
құрылғылары
ретінде
қолданылады жəне көптеп дамытылды. Мұндай мониторлар
көлемді сахнаның екі ракурсын жаңғыртады, оның біреуі сол,
басқасы – оң көзге арналған.
Поляризациялық сүзгіші бар мониторлар арнайы сыртқы
электронды-басқарғыш поляризациялы сүзгішпен жабдықталған
монитордың көмегімен үшөлшемді кескіннің қалыптасуын
қамтамасыз
етеді.
Бұл
сүзгі
пассивті
поляризациялы
көзілдіріктермен бірге қолданылады. Сүзгімен арнайы бақылаушы
сигналдары басқарады, олар 3D-көзілдіріктердің бақылаушысы
секілді видеоадаптердың шығуына жалғанады. Алайда белсенді
көзілдіріктерден айырмашылығы, сүзгіде анықтылық емес, ол
арқылы өтетін жарық толқынының поляризациясының бағыты
өзгереді.
Бақылаушы сүзгімен тақ кадрлар бір бағытта, ал жұп кадрлар –
басқа бағытта поляризацияланған болатындай басқарылады. Өз
ретінде, пассивті көзілдіріктердің бір əйнегі поляризацияның бір
бағытымен жарық өткізеді, ал басқасы – басқамен. Нəтижесінде бір
көз стерео жұптың бір бөлігін ғана көреді, ал екіншісі – екінші
бөлігін.
Осылайша, сүзгіде белсенді 3D-көзілдіріктеріндегідей стерео
жұптың элементтерінің бөлінуінің бекітпелі əдісі жүзеге асырылған.
Белсенді 3D-көзілдіріктермен салыстырғанда берілген құрылғының
артықшылығы жеңіл жəне ыңғайлы пассивті көзілдіріктерді
қолдану мүмкіндігі болып табылады.
Құрамында
LCD-панельдері
бар
3D-мониторларды
стереовизуалдау əдісі бойынша бірнеше түрге бөлуге болады:
стераоскопиялық, голографикалық жəне волюметрлік (көлемді
тасымалдаушыларда). Соңғы екі түрі көп таралмаған жəне негізінен
зертханалық немесе көрсету үлгілерін береді.
Стереоскопиялық мониторлар өз
кезегінде
, автостереоскопиялық (стереожұптың сол жəне оң кескіндерінің
бөлінуі үшін қосымша көзілдіріктерді пайдалануды қажет етпейді)
161
жəне жеңілдетілген поляризациялық көзілдіріктерді пайдалану деп екіге
бөлінеді.