Бұл резеңке мөртаңбадан төмен баспа тақшасында дайындалған
түйіспелік алаңшасы бар тілім болады. Клавишті басқан кезде
мөртаңба түйіспелік алаңшалармен жанасады (6.1,
б
-суретті қараңыз),
пернетақта бақылаушымен қабылданатын электр тізбек тұйықталады.
Мұндай пернетақтаның кемшілігі басқан кездегі клавиштің дірілдеуге
жоғары сезімталдығы болып табылады, ол жоғары жылдамдықты баспа
кезінде экранда таңбаның бірнеше рет бейнеленуіне əкеледі.
Шертпегі бар пернетақта
клавишті басқан кезде оның
механикалық кедергісі ол терең басылған
сайын көп болатындай
қылып жасалады. Бұл кедергіге шыдау үшін белгілі күшті жою керек,
содан кейін клавишқа оңай басылады. Клавишті басу жəне жіберу
шертпекпен қоса болады, осыдан атауы шыққан. Шертпегі бар
пернетақталар клавиш басылғандығына сенімділікті қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді, бұл ақпаратты енгізу жылдамдығын арттырады.
Микроауыстырып-қосқыштары
бар
пернетақталардың
сипаттамасы
шертпегі
бар
пернетақталарға
ұқсас.
Бірақ
микроауыстырып-қосқыштар, оның ішінде геркондар (герметикалық
түйісулер) ұзақ қызмет мерзімі мен үлкен мықтылығымен сипатталады.
Жартылай механикалық пернетақталарда
металл түйісулерден басқа
резеңкеленген күмбез болады, ол басылған клавишті бастапқы
күйіне бірден қайтаруға мүмкіндік береді.
Мембраналық пернетақта
(кейде «таспалы» деп аталады) – жазық,
əдетте иілгіш, клавиштың суреттері қондырылған бет түрінде
орындалған бөлек механикалық қозғалатын
бөліктерсіз электрондық
пернетақта. 6.2-суретте көрсетілгендей, мембраналы пернетақта əдетте
үш қабаттан тұрады. Олардың екеуіне өткізуші жолсызықтар
түсірілген.
6.2-сурет. Мембраналы пернетақта:
а
— типтік құрылма;
б
— клавиштардың қайшылы механизмімен құрылма
201
Үшінші оқшаулағыш қабат айырғыш болып табылады. Клавиштар
орнатылған орындарды басқан кезде жоғарғы жəне төменгі
қабаттың жолсызықтарына жанасуға мүмкіндік беретін ойықтары
болады. Клавиштердің біреуін басқан кезде диск пішініндегі
түйіспелі мембраналар тұйықталады. Клавиштің қайтуына резеңке
«күмбез»
жауап береді, ол мұндай типті пернетақтаның
дыбыссыздығын қамтамасыз етеді.
Мембраналық
пернетақта
теру
кезінде
клавиштармен
шығарылатын салыстырмалы жоғары емес шу деңгейі мен
дайындаудың төмен бағасының себебімен барлығының ішінен
кеңінен таралған болып саналады.
Мембраналық пернетақталардың бір түрі клавиштердің
қайшылы механизмі бар пернетақталар болып табылады, олар
негізінен ноутбуктарда қолданылады. Клавиштердің тура жүрісі
мен қажалуының болмауын қамтамасыз етеді. Бұған клавиштер
«қайшы» түзетін екі пластик бөлшектер (бекіту) көмегімен
бекітілетіндігімен қол жеткізіледі. Осындай механизмнің арқасында
басудың біркелкілігіне қол жеткізіледі, яғни клавиштің қай бөлігіне
басқаныңыз
маңызды емес болады, себебі басу күші əрқашан
тұрақты болады.
Сенсорлы пернетақтаның əрекет ету принципі сезімтал
элементке салынған потенциалдар айырмасының күшеюіне
негізделген. Бұл элементтердің саны клавиштер санына сəйкес
келеді. Сезімтал элемент ретінде шағын саңылаумен бөлінген
мысалы, бір немесе екі тікбұрыш түріндегі ток өткізетін түйіспелі
алаңшалар қолданылады. Түйіспелі алаңдарды саусақпен ұстаған
кезде статикалық потенциал арнайы схемамен күшейтіледі, оның
шығуында əдеттегі механикалық пернетақтанының клавишасын
басқан кезде пайда болатын сигналға ұқсас сигнал қалыптасады.
Сенсорлы пернетақталар ең беріктері, себебі мұнда қандай да бір
механикалық элементтер болмайды жəне «клавишті»
басу туралы
ақпарат тек қана электроникамен қалыптасады.
Пернетақта драйвері
пернетақтада терілген ақпаратты экранда
көрсету үшін қызмет етеді жəне кез келген операциялық жүйенің
құрамдаушы бөлігі болып табылады.
Пернетақталардың құрылымдық шешімдері көптеген.
Эргономикалық пернетақта
эргономика талаптарына жауап
береді, яғни эргономикалық көрсеткіштермен сəйкес орындалады,
яғни жаңа пернетақталар медицинаның қазіргі заманғы талаптарына
сəйкес болу қажеттілігі. Ең елесті пішінді көптеген жаңа
«эргономикалық»
пернетақталар
пайда
болды:
екіге
«сындырылған», иілген,
қол буыны үшін тіреуіштермен
жабдықталған.
202
Қосымша мүмкіндіктері бар пернетақталар
кіріктірілген
калькулятормен, сағатпен, көмескі жарықпен, манипулятормен
жасалады, клавиштерді қайта бағдарламалау мүмкіндігі болады.
Мультимедиялық модельдерде ондаған қосымша батырмалар
болады, олар дыбыстың қаттылығын азайту жəне көбейту, дыбыс
жаңғыртуды іске қосу/пауза, тоқтату, бағдарламалық плеерлер үшін
алға трек жəне артқа трек сияқты операцияларды орындайды.
Пернетақтаның интернет/ кеңсе батырмалары браузерді тез шақыру
үшін, пошталық бағдарлама, файлдарды іздеу үшін, сонымен қатар
алдыңғы жəне келесі сайттарға өту үшін қызмет етеді.
Сымсыз пернетақталар
барынша кеңінен таралған.
Оларды
инфрақызыл немесе радиотаратқыш болады, бұл кезде қабылдағыш
кабель көмегімен пернетақтаның USB жалғағышына қосылған.
Қалта ДК (ҚДК) арналған сыртқы пернетақталар түрлі
орындалуда шығарылады. Мысалы, ҚДК айналасында бұрылатын
иілгіш тоқылған болу мүмкін; басқасын басып жатқан кезде бір
қолға сыятындай шағын болуы да мүмкін. Сыртқы пернетақталар
қалыпты өлшемді пернетақтаны түзу үшін жеңіл жиналатын жəне
тасымалдау үшін құрастырмалы болып шығарылады.
Оқып алу құрылғысы бар пернетақта
ұсынылатын қарындаш
немесе кіріктірілген датчик түрінде магниттік карталардан
ақпаратты немесе штрихкодтарды оқуға арналған.
Пернетақтаны компьютерге USB портының көмегімен қосады.
Ресей нарығында пернетақталардың
мына өндірушілері ең
табыстылары болып саналады: Logitech, Microsoft, Genius, A4tech,
Defender, Sven, Gembird, CВR жəне тағы басқалары.
Достарыңызбен бөлісу: