6.5
-сурет. ФЭК қосу схемасы
Фотоəсер заңына сəйкес эмиссия фототогы оған түсетін
жарық
ағынының қарқындылығына тура пропорционал. Катодтан ұшып
шығатын электрондар катод пен оғын
жақын электрод-динодтар
арасындағы потенциалдар айырмасының əсерімен соңғысына
тартылады жəне оның бетінен екінші реттік электрондарды қағады,
олардың саны катодтан шығатын бірінші реттік электрон ағынынан
бірнеше есе көп болады. Бұл динодтар екінші эмиссияның жоғарғы
коэффициентіне ие материалдардан
жасалғандығының арқасында
қамтамасыз етіледі, ал олардың арасына екінші эмиссияның
күшеюін қамтамасыз ететін потенциалдар қойылған. Нəтижесінде
жүктеме кедергісі арқылы ФЭК анодты тізбегінде күшейтілген ток
өтеді. ФЭК фототок күшею коэффициенті 1 • 10
8
жетеді.
Мұндай
күшеюге жоғарывольтті көзден ФЭК кернеу жіберу арқасында қол
жеткізіледі (динодтар санына байланысты —500-ден
1 500 В дейін), жəне де потенциалдар кернеу бөлгішінің көмегімен
электродтар арасында біркелкі таратылады.
ФЭК жоғары
сезімталдыққа ие (1А/лм), ал тіркелетін шағылысу толқын
ұзындығының
облысымен
анықталатын
оның
спектралды
диапазоны сканерлеу тапсырмаларына сəйкес келеді,
себебі жарық
толқындарының көрінетін спектрін жабады.. ФЭК негізінен барабан
типті сканерлерде қолданылады.
212
6.6
-сурет. ЗБА-сызғышының құрылғысы мен
əрекет ету принципі
Достарыңызбен бөлісу: