түрлі геометриялық параметрлердің өлшеуін орындауға (қашықтық,
бұрыштар, диаметрлер жəне т.б.),
сонымен қатар қималар мен
қиықтарды тұрғызуға болады.
Келесі кезең векторлық модельдерді тұрғызу болып табылады.
Бұған не «бұлт» нүктелерінде шыңдарымен үшбұрыш тұрғызу əдісімен
«триангуляциялы немесе полигоналды модель), не примитивтер
жиынтығын пайдаланумен (нүкте, вектор, жазықтық, цилиндр, шар
жəне т.б.) қол жеткізуге болады. Берілген жағдайда «нүктелер бұлты»
дұрыс геометриялық денелерден тұратын векторлы модельге
көшіріледі.
Алынған деректер ары қарай қолдану үшін
AutoCad, ArcView,
MicroStation
жəне басқалары секілді бағдарламалық пакеттерге
экспортталады. Бұдан басқа, талдау мүмкіндігі болады –
олардың
келіспеушілігін берумен, түрлі уақытта алынған сол бір объекттің
«нүктелер бұлттарын» біріне бірін салу. Осылайша, ғимараттар,
құрылыстар, көшкін учаскенің деформация мониторингі бойынша
жұмыстар жүргізуге, құрылымдардың жылулық кеңейтілуін анықтауға
болады.
Әдетте сканер штативке орнатылады жəне түсірілетін объектке
бағытталады. Оператор сканерді бағдарламалау үшін,
сканерлеу
аймағын анықтау жəне сканерлеуді іске қосу үшін КПК қолданады.
Оның сканермен байланысы Wi-Fi-порт немесе кабель арқылы жүзеге
асырылады. Сканерлеудің барлық деректері сканер слотына
орнатылатын жады картасына жазылады.
Лазерлі 3D-сканерлеу лазерлі технологиялардың көмегімен беттің
сканерлеу немесе өлшеудің жалпы əдісін сипаттайды.
Құрылыста лазерлі 3D-сканер қолданыстағы көпірлердің, өнеркəсіп
мекемесінің, монументтің орындау сызбаларын дайындау үшін; тарихи
ескерткіштерді, туристік объектілерді құжаттандыру үшін; автомобиль
жолдарын қайта құру үшін қолданылады.
Өнеркəсіпте 3D-сканерлердің көмегімен күрделі пішінді өндірістің
жоғары дəлдікті обьектілердің сапасының бақылауын, жабдықтаудың
бөлек элементтерінің
тозуын бағалауын, шахталарда жер қойнауының
сканерлеуін жүргізеді.
Медицинада
3D-сканерлер
CAD/CAM-технологияларын
пайдаланумен
протездер
мен
имплантаттарды
жасау
үшін
стоматология мен ортопедияда белсенді қолданылады.
Ойын-сауық индустриясында 3D-сканерлер кинематограф пен
бейнеойындарда цифрлық 3D-модельдерін жасау үшін белсенді
қолданылады. Егер жасалатын модельдің шынайы өмірмен ұқсастығы
болса, онда 3D-модельдеу арқылы осы модельді жасауға қарағанда, үш
өлшемдік моделін жасау тезірек болады.
226
3D-сканерлер сонымен қатар 3D-баспа саласында белсенді
қолданыс табуда, себебі қысқа мерзімде кезекті түзеу
мен баспаға
жарамды түрлі объекттер мен беттердің нақты 3D-модельдерін жасауға
мүмкіндік береді. Бұл салада сканерлеудің түйіспелі де, түйіспесіз де
əдістері қолданылады.
Сканерлер негізінен USB2.0, Ethernet, USB3.0, SCSI аппараттық
интерфейстерін қолданады.
Сканерді жеткізу жиынтығына арнайы бағдарлама кіреді – драйвер,
ол сканердің негізгі параметрлерін күйге келтіру жəне сканерлеу
рəсімімен басқару үшін арналған. Драйверлер жиынтығы моделіне
байланысты ерекшеленуі мүмкін, бірақ компьютердің операциялық
жүйесімен сканердің өзара əрекеттесуі үшін қажетті əмбебап
интерфейстер де болады.
Оның ішінде, сканерлердің сипаттамасында
TWAIN, WIA мен ISIS-драйверлері деген қысқармаларды жиі
кездестіруге болады (стандарттар, хаттамалар).
TWAIN
— фирмалардың қатарымен жасап шығарылған драйвер
форматы.
Аппараттық жəне бағдарламалық құрылғылардың жетекші
өндірушілері — Aldus, Caere, Eastman Kodak,
Hewlett-Packard пен
Logitech компаниялары — TWAIN драйверінің өзіндік форматын жасау
үшін күштерін біріктірді. TWAIN стандарты сканер драйвері мен
қолданбалы бағдарлама арасында деректермен алмасу ретін
анықтайды, ол түрлі компьютерлік платформалардың, түрлі модельді
сканерлер мен деректерді ұсыну форматтарының үйлесімділік
мəселесін шешуге мүмкіндік берді. TWAIN-үйлесімді сканер
көмегімен кез келген бағдарламадан кескіндерді сканерлеуге болады.
WIA
Windows Imaging Architecture
болып түсіндіріледі
.
Бұл
стандарт арнайы ОС Windows үшін жасалған жəне Microsoft
компаниясымен жасап шығарылған. Ол стандартты жəне пайдаланушы
үшін үйреншікті Windows құралдарының көмегімен сканермен
ыңғайлы басқару үшін арналған. Мысалы, сканер дəл WIA драйверінің
арқасында қосу кезінде компьютердің құрылғылар диспетчерінде
көрсетіледі, ал біз үйреншікті əдіспен оның құрамы мен қасиеттерін
қарай аламыз.
ISIS интерфейсі
(Image and Scanner Interface Specification),
Twain
секілді, сканер мен компьютердің өзара əрекеті үшін
жасалған, бірақ
күрделі тапсырмаларды орындауға қабілетті. Ол модульдердің
жиынтығын береді, олардың əрқайсысы белгілі функцияны атқарады
(сканерлеу, айырбастау, компрессия). Бұл модульдер күрделі,
көпдеңгейлі тапсырмаларды орындау үшін конвейерлер түзіп, біріге
алады. ISIS БЖ жасаушыларына
сканерлеумен байланысты
тапсырмаларды біріктіру үшін сенімді жəне тұрақты интерфейсті
ұсынады. ISIS өнеркəсіптік стандарт болып табылатындықтан,
227
ISIS-драйвері бар сканер пайдаланушысы алынған аппарат берілген
стандартты есепке алумен жасалған операциялық жүйелердің
барлық қосымшаларымен үйлесімді екендігіне сенімді бола алады.
6.3.6.
Достарыңызбен бөлісу: