Берілген əдістің маңызды кемшіліктері сканерлеу уақытының үш
есе көбеюі жəне кескіннің бөлек бөлшектерінің бұзылуына жол
бермеу үшін түрлі-түсті қабаттардың нақты қиыстыру қажеттігі
болып табылады.
Басқа типті сканерлерде жарықтың үш көзі қолданылады:
қызыл, жасыл, көк, түпнұсқаны қысқа уақытты жарықтандыру үшін
ретімен əрекет етеді. Бұл кезде сканерлеу бір рет өткізіледі, ол
түстердің үйлесімсіздігін болдырмауға мүмкіндік береді, бірақ
тұрақты сипаттамалары бар жарықтың көздерін таңдап алу талап
етіледі.
Түрлі-түсті сканерлердің кейбір құрылмалық шешімдерінде бір
жарық көзі қолданылады, бірақ түрлі-түсті түпнұсқалардың
сканерлеуі
бір
өту
кезінде
жүзеге
асырылады,
себебі
фотоқабылдағыш ұш сызғышта орналасқан фототранзистор түрінде
жасалған,
ал
үш
түрлі-түсті
сүзгіш
олардың
алдында
фототранзистордың
əр
сызғышы
тек
қана
өз
түсімен
жарықтандырылатындай қылып орналасқан.
Алайда əр түске арналған үш тəуелсіз фотодатчиктерден
тұратын жүйемен жабдықталған түрлі-түсті сканерлер кеңінен
таралған. Түпнұсқа ақ түспен жарықтанады, ал түпнұсқамен
шағылысқан жарық фотоқабылдағыштарға арнайы сүзгіштер жүйесі
арқылы түседі, олар ақ түсті үш құрауышқа бөледі. Мұндай
сүзгіштердің жұмыс принципі дихроизм құбылысын пайдалануға
негізделген, бұл құбылыс оптикалық осінің жағдайына байланысты
өтетін ақ жарықта кристалдардың бояуының өзгеруімен жүреді.
Сүзгіштер жүйесі өткеннен кейін бөлінген қызыл, жасыл жəне көк
түстер əрбіреуі өзінің фотоқабылдағышына түседі, мысалы ФЭК.
Негізгі түстер бойынша үндестілік бөлінудің ретімен орындалатын
оқып алу операцияларының жолымен кескіндер түстерін жаңғырту
үшін қажетті ақпаратты алады.
6.3.5.
Достарыңызбен бөлісу: