Тақырып: «Есеп беруді құру және сұрыптау» Күні



Дата06.01.2022
өлшемі27,45 Kb.
#13175
түріСабақ
Байланысты:
14.04 ПББ


ПБД
Тақырып: «Есеп беруді құру және сұрыптау»

Күні: 14.04.2020

Тобы: ТБ-17/01
Жаңа сабақ
Есеп берубұл деректерді баспаға шығаруды ұйымдастырудың, тиімді әрі икемді құралы. Сонымен қатар бұл деректер базасынан деректерді қолданушыға қажет түрінде баспаға жіберудің тәсілі.

Мысалы, оқитыны жайлы анықтама, емтихан ведомосі, қандай - да бір шартпен біріктірілген кестелер және т.с.с.

Есеп беруді өз қалауыңыз бойынша Конструктор көмегімен жасауға, көркемдеудің дайын нұсқаларын қолдануға (автоотчеты) немесе Шебер (Мастер) көмегімен жасауға болады.

Есеп беруді жасаудың алты тәсілі бар:

1) Конструктор өз қалауың бойынша есеп беруді жасауға мүмкіндік береді, алайда бұл тәжірибелі қолданушыға да оңай емес.

2) Есеп беру шебері (Мастер отчетов) кестеден немесе сұратудан өзіңіз таңдаған өрістер негізінде есеп беруді және есеп берулердің макетін жасауға мұмкіндік береді. Есеп беруді жасаудың бұл тәсіл ең ыңғайлысы.

3) Баған түріндегі және лента түріндегі Автоматты есеп берулер (Автоотчет в столбец, Автоотчет ленточный)есеп берулерді жасаудың ең қарапайым оңай тәсілі, мұнда есеп беру негізге алатын кестенің немесе сұратудың атын көрсетсеңіз болғаны, қалғанын. Есеп беру шебері өзі атқарады.

4) Диаграмма шебері (Мастер диаграммы) есеп беруді диаграмма түрінде жасауға көмектеседі.

5) Пошталық жапсырмалар (Почтовые наклейки) пошталық жапсырмаларды баспаға шығаруға пішімделген есеп беруді жасайды.


«Есеп берумен жұмыс»

1. Оқытушылар кестесі негізінде деректерді қызметі бойынша топтайтын есеп беру жасаңыз. Есеп беруді жасау үшін:

- Отчеты бөліміне өтіп, ашқан терезеден <Создать> батырмасын басыңыз;

- Ашылған терезеден Есеп беру шебері (Мастер отчетов) пунктін таңдаңыз;

- Терезенің төменгі бөлігіндегі ашылмалы тізімнің тілшесін басып, пайда болған тізімнен Оқытушылар кестесін таңдаңыз.



- <ОК> батырмасын басыңыз;

- Ашылған терезеден пішінде болуы керек барлық өрістерді таңдаңыз. Бұл жаттығуда барлық өріс керек болғандықтан батырмасын басыңыз;

-<Далее> батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде барлық өрістердің тізімі тұрады;



- «Қызметі» деген өрісті белгілеп, батырмасын басыңыз. Осы арқылы сіз деректердің қызмет бойынша топталуын анықтап бересіз.

- Тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

- Пайда болған терезенің параметрлерін өзгертпейтін болғандықтан, тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

- Пайда болған терезеден есеп беруді көркемдеудің стильдерін таңдаңыз да тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

- Келесі пайда болған терезеде Оқытушылар деп есеп беруге ат беріңіз.

- <Готово> батырмасын басыңыз. Экранда дайын есеп беру тұрады. Көріп алған соң, оны жабыңыз. .


2. Өз беттеріңмен Конструктор режимінің элементтер панелін қолдана отырып Студенттер кестесінің негізінде студенттің инженерлік факультеттің, бағдарламалаушы тобында оқитындығы туралы Анықтама (Справка) түрінде есеп беру жасаңыз.
Сабақты бекіту сұрақтары:


  • Шебер/Мастер көмегі мен есеп/отчет қалай құрылады?

  • Есеп беруді құрудың қарапайым тәсілі қандай?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет