2.5.
ДК ШИНАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН
СТАНДАРТТАРЫ
Шина
(
Bus
)
деп желілер жиынтығы (аналық тақтадағы
өткізгіштер) аталады, олар арқылы ДК компоненттері мен
құрылғылары ақпарат алмасады. Шина екі немесе одан көп
құрылғылар арасында ақпарат алмасу үшін арналған. Тек екі
құрылғыны байланыстыратын шина
порт
деп аталады. 2.7 суретте
шина құрылымы көрсетілген.
Шинада сыртқы құрылғыларды қосуға арналған орындар –
слоттар болады, олар нəтижесінде шинаның бөлігіне айналады жəне
оған қосылған басқа да құрылғылармен ақпарат алмасады.
ДК шиналар өзінің функционалдық арналуы бойынша
ерекшеленеді:
■
жү й е л і к ши н а (немесе CPU шина) ақпаратты CPU-ға жəне
кері тасымалдау үшін Cipset микросхемаларымен қолданылады;
■
кэ ш - ж а д ы ши на с ы CPU мен кэш-жады арасында ақпарат
алмасуға арналған;
■
ж ад ы ши на с ы RAM жəне CPU жедел жады арасында
ақпарат алмасу үшін пайдаланылады;
■
ақ п ар ат т ы ен г і зу - ш ыға р у ши н ал а р ы стандартты
жəне жергілікті деп бөлінеді.
Енгізу-шығару жергілікті шинасы
— ол CPU басқаруымен
тезəрекетті перифериялық құрылғылар (видеоадаптерлер, желілік
карталар, сканер карталары жəне т.б.) мен жүйелік шина арасында
ақпарат алмасу үшін қолданылатын жылдамдықты шина. Қазіргі
уақытта жергілікті шина ретінде РСІ шинасы қолданылады.
37
2.7
-сурет. Шина құрылымы
Видеодеректерді енгізу-шығаруын жеделдету жəне үшөлшемді
кескіндерді өңдеу кезінде ДК өнімділігін арттыру үшін Intel
компаниясы AGP
(Accelerated Graphics Port)
шина жасап шығарды
.
Енгізу-шығару стандартты шинасы
алдында аталған шиналарға
біршама баяу құрылғыларды (мысалы, тінтуір, пернетақта, модем, ескі
дыбыстық карталар) қосу үшін қолданылады. Осы уақытқа дейін осы
шина ретінде ISA стандарттағы шина қолданылды. Қазіргі уақытта –
USB шина қолданылады.
Шинаның өздік архитектурасы болады, ол оның жеке қасиеттерін –
шектеусіз құрылғылар санын параллель жалғауды жəне олардың
арасында өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды.
Кез келген шина архитектурасының мынадай компоненттері болады:
■
деректер алмасу желілері (деректер шинасы);
■
деректерді адресациялау үшін желілер (адрес шинасы);
■
деректерді басқару желілері (басқару шинасы);
■
шина контроллері.
38
Шина контроллері
деректермен жəне қызметтік сигналдармен
алмасу процесін басқаруды іске асырады жəне əдетте жеке микросхема
түрінде немесе үйлесімді микросхемалар жинағы - Chipset түрінде
орындалады.
Деректер шинасы
CPU, слоттарға орнатылған кеңейту карталары,
RAM жадысы арасында деректермен алмасуды қамтамасыз етеді.
Шинаның разрядтылығы жоғары болған сайын, бір такт ішінде көбірек
деректер беріле алады жəне ДК өнімділігі соғұрлым жоғары болады.
80286 процессоры бар компьютерлерде 16-разрядтық деректер шинасы
болса, CPU 80386 жəне 80486 — 32-разрядты болса, онда CPU Pentium
семьялық компьютерлерде — 64-разрядты деректер шинасы болады.
Адрес шинасы
CPU деректермен алмасуды жүргізетін ДК қандай бір
құрылғысына адресті көрсету үшін қызмет етеді. ДК əрбір компоненті,
əрбір енгізу-шығару регистрі жəне RAM ұяшығының өзінің адресі
болады жəне ДК ортақ адрестік кеңістігіне кіреді. Адрес шинасы
бойынша
деректерді
жіберушінің
жəне
(немесе)
алушының
сəйкестендіру коды (адрес) беріледі.
Деректермен алмасуды жеделдету үшін деректерді аралық сақтау
құрылғысы – жедел жады – RAM қолданылады. Шешуші рольді онда
уақытша сақталатын деректер көлемі ойнайды.
Көлем адрестік шинаның разрядтылығына (желілер санына)
байланысты болады жəне сонымен адрестік шинада процессормен
өндірілетін ең көп мүмкін сан адрестеріне, яғни адрес берілетін RAM
ұяшықтарының санына байланысты болады. RAM ұяшықтарының
саны
2
п
аспауы керек
,
мұнда
п
— адрестік шинаның разрядтылығы. Кері
жағдайда ұяшықтардың бөлігі пайдаланылмайтын болады, себебі
процессор оларға адрестеле алмайды.
Есептеу екілік жүйесінде ең көп адрестелетін жады көлемі 2
п
тең,
мұнда
п
— адрес шинасының желі саны.
Егер 8088 процессоры, мысалы, 20 адрестік желісі болғанда жəне
сонымен 1 Мбайт (2
20
= = 1 048 576 байт = 1 024 кбайт) көлем жадыны
адрестесе, онда 80286 процессоры бар ДК адрестік шина разрядтылығы
24 битке дейін, 80486, Pentium, Pentium MMX жəне Pentium IV
процессорларында 32-разрядты адрес шинасы артқан болады, оның
көмегімен 4 Гбайт жадыны адрестеуге болады. АМД жəне Intel
микропроцессорлары (ЕМ64Т технологиясымен) жадының 64-разрядты
адрестелуін сүйемелдейді.
Басқару шиналары
бірқатар қызметтік сигналдарын береді:
жазбаларды оқып алу, деректерді қабылдау-тапсыруға дайындық,
деректерді қабылдауды растау, аппараттық үзу, басқару жəне басқасы,
деректерді тапсыруды қамтамасыз ету үшін.
39
|