5.2-сурет. Дыбыстық сигналды аналогты-цифрлық түрлендірудің схемасы
Дискреттеу жиілігі бастапқы дыбыстық сигналдың ең жоғары
гармоникасының (жиілікті құрауыш) екі еселенген жиілігінен кем
болмау керек. Адам 20 Гц-дан 20кГц дейінгі жиілікті диапазонда
дауыстарды ести алатын болғандықтан,
бастапқы дыбыстық
сигналдың дискреттеуінің ең үлкен жиілігі 40кГц-тен кем болмау
керек, яғни санауды секундына 40 мың рет өткізу керек. Осыған
байланысты қазіргі заманғы ДК көптеген дыбыстық жүйелерінде
дыбыстық сигналдың дискреттеуінің ең көп жиілігі 44,1 немесе 48
кГц құрайды.
Амплитуда бойынша кванттау
уақыт бойынша дискретті
сигналдың амплитудасының лездік мəнін өлшеуді жəне
оны уақыт
пен амплитуда бойынша дискреттікке түрлендіруді береді. 5.3-
суретте аналогты сигналдың деңгейі бойынша кванттау процесі
көрсетілген, бұл кезде амплитуданың лездік мəндері 3-разрядты
сандармен кодталады.
Кодтау
квантталған сигналды цифрлық кодқа түрлендіреді. Бұл
кезде кванттау кезіндегі өлшеу нақтылығы кодтық сөздің разряд
санына байланысты болады. Егер амплитуда мəндерін екілік сандар
көмегімен жазсақ жəне кодтық сөздің ұзындығын
N
разрядты деп
белгілесек, кодты сөздердің мүмкін мəндерінің саны 2
N
тең болады.
182