Түрлі музыкалық аспаптар үшін шабуыл ұзақтығы бірліктен
бірнеше ондыққа дейін немесе тіпті жүз миллисекундқа дейін
өзгереді. Қолдау деп аталатын фазада сигнал амплитудасы
өзгермейді, ал музыкалық үн биіктігі қолдау кезінде қалыптасады.
Соңғы фазада басылуға сигнал амплитудасының жеткілікті тез азаю
учаскесі сəйкес келеді.
Қазіргі заманғы синтездеуіштерде дыбыс келесі түрде түзіледі.
Синтез əдістерінің бірін пайдаланатын цифрлық құрылғы дыбыстың
берілген биіктігі бар қоздыру деп аталатын сигналды түрлендіреді –
спектрлік сипаттамасы бар нота, 5.5.б-суретте көрсетілгендей
қолдау
фазасындағы
ұқсатылатын
музыкалық
аспаптың
сипаттамаларына барынша ұқсас болады. Ары қарай қоздыру
сигналы шынайы музыкалық аспаптың амплитуда-жиіліктік
сипаттамасын көрсететін сүзгішке жіберіледі. Сүзгіштің басқа
кіруіне сол аспаптың амплитудалық орайжанауышының сигналы
жіберіледі. Ары қарай сигналдар жиынтығы арнайы дыбыстық
əсерлерді
алу
мақсатымен
өңделеді,
мысалы
жаңғырық
(жаңғырықтыру), хормен орындау (хорус). Содан соң цифрлы-
аналогты түрлендіру жүргізіледі жəне төмен жиілікті сүзгі (ТЖС)
көмегімен сигнал сүзгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: