Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет11/111
Дата19.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#35036
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   111
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Грек лирикасының түрлерi


Грек тiлiндегi «лирика» сөзi ішектi музыкалық аспап лираның атынан келiп шыққан, мағынасы «музыка сүйемелдеуiнде орындалатын жыр» дегендi бiлдiредi. Бұл атау лирикалық поэзияның дамыған дәуiрлерiнен әлдеқайда соң, шамамен б.з.б. III- II ғасырларда эллиндік дәуiрдегi ғалымдар тарапынан қолданысқа енгiзiлген. Сол кезеңде гректердiң өздерi осы топқа жататын шығармалардың барлығын – «мелос», «мелика» яғни өлең деп атаған. Сондықтан, ғасырлар бойы ежелгi гректер лирикалық поэзияны басқа түрлi тәсiлдер, мәселен өлең, музыка аспабы, тiптi бимен байланыстыра түсiнiп келген. Сол себептi, әрбiр лирик ақын әрi ақын, әрi музыкант, әрi би шеберi болған. Дәуiрлердiң өтуiмен лириканың ямб және элегия деп аталатын кейбiр қарапайым түрлерi бiрте-бiрте музыкадан алыстап, тек ғана оқу үшiн шығарылған әдеби жанрға айналады. «Мелос» атауы болса көңiл-күйдi бейнелейтiн өлеңдерге қатысты қолданылып, мұндай шығармалардың музыкамен байланысы әлi де ұзақ уақытқа созылады. Лириканы түрлерге бөлу тәсiлдерiнiң бiрi - өлшем. Эпикалық жырлардың гекзаметр өлшемiнен басқа формаларда жазылған шығармалардың барлығы лирикаға қосылған. Осы негiзде оларды элегия, ямб және мелос деп бөлген. Үздiк лирика ретiнде танылған және ғасырлар бойы музыкалық қасиетiн сақтап қалған мелос жанры, өзiнiң мазмұнына, қандай оқиғаларға арналғандығына қарай тағы да екi топқа бөлiнедi: жеке әншi тарапынан орындалатын – монодик лирика және көпшiлiк орындайтын – хор лирикасы.


Ендiгреклирикасындағыөлең өлшемiнекiшкенетоқталып өтемiз. Ежелгi замандағы эллин тiлiнде жазылған өлең шығармалардың барлығы ұзын және қысқа буындардың ауысуы негiзiне құрылған. Мұны анығырақ түсiндiру үшiн, әдеттегiдей қысқа буындарды ирек сызықпен (  ), ұзын буындарды түзу сызықпен (-) белгiлесек, сол белгiлердiң белгiлi тәртiпте қайталануы – грек өлеңiнiң өлшемiн пайда етедi. Ескерте кететін жағдай, ақынның талабына қарай, кейбiр екi қысқа буынды бiр ұзын буынмен ауыстыру да мүмкiн болған. Гекзаметр өлшемi алты буыннан құралып, бұл буындардың әрқайсысы дактиль деп аталған. Ол бiр ұзын, екi қысқа (-   ) буыннан құралған. Өлеңнiң әсерлi болуы үшiн соңғы буын спондий деп аталатын екi ұзын буынмен (- -) ауыстырылады және нәтижесiнде
төмендегi өлең жолы туады:
-   |-   |-   |-   |-   -|-   |- -
Өлеңдегi буындардың ұзын-қысқалығын, яғни дактиль және спондий буындарын белгiлi тәртiпте ауыстыру жолымен ежелгi ақындар гекзаметрдiң әртүрлi ырғақта құбылуына қол жеткiзген. Мәселен, өлеңде ұзын буындардың көбiрек болуы – оқиғаның маңыздылығын, әрекеттiң салмақтылығын қамтамасыз етедi; қысқа буындардың көптiгi болса әрекетке жылдамдық, жеңiлдiк, ойнақылық бередi. Осылайша гекзаметрдi он алты нұсқада қолдануға болады. Мұнан тыс, өлеңнiң үшiншi немесе төртiншi буындарының ортасында келетiн цезура, яғни кiдiрiстердiң де (паузалар) гекзаметр өлшемi үшiн ерекше маңызы бар [1,53].
Ескерте кететiн нәрсе, ежелгi грек өлең құрылысында ұйқас болмаған. Поэзияның саздылығын қамтамасыз ету үшiн қажет нәрсе буын болған.
Бiзге жеткен деректерге қарағанда грек лирикасы өте бай және жан-жақты болса керек. Бiрақ сол көркем, мазмұнды әрi құнды мұралардан тым аз көлемi ғана сақталған. Үш-төрт ақыннан қалған кейбiр үзiндi жырларды есепке алмағанда, көптеген ақындардың шығармалары кейiнгi кезеңдерде өмiр сүрген қаламгерлердiң еңбектерiнде сақталып қалған бiр-екi шумақтан, тiптi жекелеген жолдардан арыға ұзамайды. Бiзге жеткен осы өлең үзiндiлерi негiзiнде ежелгi дәуiрдегi грек әдебиетiнiң маңызды сатысы – VII- VI ғасырлардағы лирикалық поэзия туралы кейбiр пiкiрлердi ғана айта аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет