Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет4/111
Дата19.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#35036
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Гомердің дастандары


Ежелгi грек жазба әдебиетiнiң бiзге дейiн жеткен үлгiлерi



  • «Илиада» мен «Одиссея» дастандары ғана. Гомер дейтiн ұлы ақынның есiмiмен байланысты болған бұл екi поэманың сюжетi Троя аңыздарынан, яғни гректер мен троялықтар арасында болған соғыс хикаяларынан алынған.

Троя қаласы - Кiшi Азиядағы Дарданель бұғазының оңтүстiк жағалауында орналасқан көне қалалардың бiрi. Ғалымдар мұнан бiрнеше жыл бұрын көне Троя қаласының орнында жүргiзген археологиялық қазба жұмыстар нәтижесiнде бiздiң заманымыздан үш мың жылдай алдын гүлденген, соңынан түрлi апаттар себебiнен ойранболған қала қалдықтарын тапты. Олардың пiкiрiнше гректердiң троялықтарға шабуыл жасауы - шамамен бiздiң заманымыздан бұрынғы ХIII-ХII ғасырларда болған iрi тарихи оқиға.
Аңыздарда айтылуынша, Троя шахзадасы Парис Спарта патшасы Меналайдың үйiне қонаққа келедi. Меналай Паристi жақсы қарсы алып, оның құрметіне мол дастарқан жайып, ойын- сауық құрады. Осындай отырыстың бiрiнде Парис патшаның сұлу әйелiн көрiп, оған ес-түссiз ғашық болады. Паристiң сымбаты да Еленаның жүрегiне шоқ салады. Бiр күнi Меналай ұзақ сапарға аттанғанында, Парис Еленаны өз елiне алып қашады. Сапардан оралған Меналай қонағы мен әйелiнiң опасыздығын көрiп, қатты ашуланады. Намысын таптағаны үшiн кек қайтаруға ант етедi. Меналайдың тілегі бойынша бүкiл Грекия өлкесiнiң патшалары қол жинап, бiр неше кемемен Трояға жорыққа аттанады. Олардың iшiнде Меналайдың ағасы Микен патшасы Агемемнон мен даңқты батыр Ахилл (Ахиллес) де бар едi. Грек әскерлерi он жыл бойы Троя қаласын қоршауға алады. Соңында, айлакерлiкпен қалаға енiп, өртеп жiбередi. Қала халқының барлығын қылыштан өткiзiп, дүние мүлкiн тонап, сұлу Еленаны алып өз елдерiне қайтады. Бiрақ жолда жеңiмпаздардың басына көп қиыншылық түседi. Олардың көпшiлiгi қайтыс болады. Аман-есен елге жеткендерi кiсi қолынан өледi. Бiр бөлiгi теңiзде адасып, бiрнеше жыл толқындармен алысып, азап шегедi.
Мiне, осы соғыс туралы хикаялар жиынтығынан грек мифологиясының «Троя соғысы аңыздары» деп аталатын жинақ пайда болған. «Илиада» мен «Одиссея» дастандарының оқиға желiсi
осы циклдегi аңыздардан алынған. Бiрақ екi дастанда да үлкен аңыздың барлығы емес, екi кiшiгiрiм оқиғасы ғана хикаяланады. Сондықтан, «Илиадада» Троя соғысының оныншы жылында болған елеулi бiр оқиға бейнеленген. Шығарма Трояның ер жүрек батыры Гектордың өлiмiн және оның жерлену дәстүрін баяндаумен аяқталады. Алдын болған және кейiн болуы тиiс оқиғалар жайлы ақын жол-жөнекей айтып өтедi. Осындай жағдайды «Одиссея» дастанында да көремiз. Бұл шығармада Троя шайқасының қаһарманы Одиссеяның соғыстан оралуы, теңiзде, шет елдерде оның басынан кешкен оқиғалары, отаны Итака аралына келiп, дұшпандарынан кек алу жайы хикаяланады.
Троя соғысы туралы аңыздар тарихта болған жағдайларды баяндағанымен, бұл оқиғалар шынайы өмірден алынған көрiнiстер емес, керісінше мифологиялық көркемдiкпен көмкерiлген шығарма екендiгi анық. Өйткенi, Троя соғысында және осы соғысқа қатысты оқиғалардың барлығында адамдармен бiрге Олимп тауының құдайлары, перiлер, диюлер мен басқа да табиғи тылсым күштер қатысып отырады.
Троя соғысы туралы аңыздар мен хикаялар ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа өту барысында көп өзгерiстерге ұшырады, түрлi нұсқаларда таралды, соңында Гомер дастандарында жеке әдеби формаға ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет