45
төмендегi өлең жолы туады:
-
∪
∪
|-
∪
∪
|-
∪
∪
|-
∪
∪
|-
∪
∪
-|-
∪
∪
|- -
Өлеңдегi буындардың ұзын-қысқалығын, яғни дактиль және
спондий буындарын белгiлi тәртiпте ауыстыру жолымен ежелгi
ақындар гекзаметрдiң әртүрлi ырғақта құбылуына қол жеткiзген.
Мәселен, өлеңде ұзын буындардың көбiрек болуы – оқиғаның
маңыздылығын, әрекеттiң салмақтылығын қамтамасыз етедi;
қысқа буындардың көптiгi болса әрекетке жылдамдық, жеңiлдiк,
ойнақылық бередi. Осылайша гекзаметрдi он алты нұсқада қолдануға
болады. Мұнан тыс, өлеңнiң үшiншi немесе төртiншi буындарының
ортасында келетiн цезура, яғни кiдiрiстердiң де (паузалар) гекзаметр
өлшемi үшiн ерекше маңызы бар [1,53].
Ескерте кететiн нәрсе, ежелгi грек өлең құрылысында ұйқас
болмаған. Поэзияның саздылығын қамтамасыз ету үшiн қажет
нәрсе буын болған.
Бiзге жеткен деректерге қарағанда грек лирикасы өте бай және
жан-жақты болса керек. Бiрақ сол көркем, мазмұнды әрi құнды
мұралардан тым аз көлемi ғана сақталған. Үш-төрт ақыннан қалған
кейбiр үзiндi жырларды есепке алмағанда, көптеген ақындардың
шығармалары кейiнгi кезеңдерде өмiр сүрген қаламгерлердiң
еңбектерiнде сақталып қалған бiр-екi шумақтан, тiптi жекелеген
жолдардан арыға ұзамайды. Бiзге жеткен осы өлең үзiндiлерi
негiзiнде ежелгi дәуiрдегi грек әдебиетiнiң маңызды сатысы – VII-
VI ғасырлардағы лирикалық поэзия туралы кейбiр пiкiрлердi ғана
айта аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: