46
өлең өлшемi. Сондықтан, «элегиялық жыр» деп аталатын арнайы
өлең өлшемiнде жазылған әрқандай жырды, мазмұнына қарамастан
осы жанрға жатқызған. «Элегиялық жырдың» бiрiншi жолы
гекзаметрден, екiншi жолы пентаметр деп аталатын бес буынды
өлең өлшемінен құралған. Пентаметр де гекзаметрге өте ұқсас,
тек мұнда үшiншi және алтыншы қысқа буындар түсiп қалады.
Сол себептi, әр қатарды теңдей екiге бөлiп, үшiншi қатардан соң
кiдiрiс(пауза) жасау ғана қажет болады:
-
∪ ∪
-
∪ ∪
-
∪ ∪
-
∪ ∪
-
∪ ∪
-
∪
-
∪
гекзаметр
-
∪ ∪
-
∪ ∪
-| - -
∪ ∪
-
∪ ∪
- пентаметр
Элегиялық лириканың өлшемi де, мазмұны да бұл кезеңде
эпикалық дастандарға өте жақын болды. Гректердiң өздерi де бұл
топтағы жырларды жауынгерлiк жырлардан оншалықты бөлiп
қарамаған.
«Ямб» атауының келiп шығу тарихы мүлдем көмескi. Ежелгi
аңыздар бұл сөздiң шығу төркінін Деметра құдай туралы аңызбен
байланыстырады. Қызы Персефонаның жоғалғандығына қатты
қайғырған Деметра құдайларға ашуланып, Эливсин патшасы
Келейдiң үйiне қызметке жалданғанында, осы сарайдағы Ямба
деген күң қыз күлдiргi әңгiмелер айтып, құдайдың көңiлiн
көтеруге ұмтылады. Аңыз әрине, ямб жырларының мазмұнына
қарай шығарылған болса керек. Өйткенi, бұл жанрдың өзi халық
ауыз әдебиетiндегi әзiл-сықақ, сыншыл пiкiрлердi бейнелейтiн
өлең өлшемiнен алынған. Ямб өлшемi кейiн фольклордан жазба
әдебиетке өтiп, жеке сезiмдердi, сатиралық рухтағы жырларды т.б.
бейнелейтiн күштi әдеби жанрға айналады.
Ямб жанрына Шығыстың ұлы ғұлама данышпаны Фараби
бабамыз өзінің «Өлең қағидалары туралы трактат» атты еңбегінде
мынадай анықтама береді: «Ямб – ерекше өлшемі бар жыр түрі.
Онда жалпыға мәлім жағымды, жағымсыз жайлар айтылады, ең
бастысы, ол көпшілікке кеңінен аян болуы тиіс: мәселен, мақалдар.
Жырдың бұл түрі тайталас бәсеке мен соғыста, ашу мен беймазалық
үстінде қолданылады»[29,122].
Ямб жанрының сыртқы көрiнiсi, барлық лирикалық шығармалар
сияқты өлең өлшемдерiмен белгiленедi,
Достарыңызбен бөлісу: