Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Грек әдебиетінің аттикалық кезеңі



Pdf көрінісі
бет20/133
Дата17.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#117362
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   133
Байланысты:
Koblanov-Shetel-ad-tar

Грек әдебиетінің аттикалық кезеңі
Б.з.б. V-ІV ғасырлардағы грек қоғамы мен мәдениеті
Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасыр грек қоғамының саяси-
экономикалық және мәдени дамудың жоғары сатысына көтерілген 
дәуірі. Бұл гүлдену Парсы-Грек соғыстарынан кейін, Афина 
мемлекетінің күшеюі мен демократиялық бағытта дамуына тығыз 
байланысты болып, ақиқатында да грек елінің алтын ғасыры деп 
аталуына лайық ұлы дәуір болды. Б.з.б. V ғасырға дейін грек жерінің 
ең алғашқы мәдени орталығы Кіші Азиядағы Иония өлкесі деп 
саналып келген болса, дәл жарты ғасырға (б.з.б.499-449) созылған 
Парсы-Грек соғысында гректер жеңіске жеткен соң ілім мен білім, 
өнер мен мәдениет орталығы Афина мемлекетіне көшеді. Әдебиет 
саласындағы Афинаның маңызының ұлылығы соншалық, б.з.б. V-IV 
ғасырлар әдебиеті осы даңқты қала орналасқан Аттика өлкесінің 
атымен, яғни 
грек әдебиетінің аттикалық
кезеңі деп аталады.
Парсылармен болған соғыстың зардаптарын көбірек тартқан 
және дұшпанды жеңуге басқалардан гөрі артығырақ үлес қосқан 
афиналықтар, соғыстан кейін грек жеріндегі жүз елуден артық 
қала мемлекеттер арасында жеңіс үстемдігін өз қолдарында сақтап 
қалды. Енді Грекия жерімен тұтасып жатқан теңіз суларында 
олардың жалғыз өздері билік жүргізе бастайды. Бұл жағдай жаңа 
сауда жолдарын қолға алуға, Қара теңіз жағалауындағы елдермен 
сауда қатынасының дамуына кең жол ашады және Афинаны 
астықпен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешеді
Кейбір мемлекеттерді өзіне тәуелді қылу, кейбірiмен сауда 
қатынасын жасау, отарланған елдердің байлығын тонау, мемлекет 
ішіндегі халықты аяусыз қанау нәтижесінде б.з.б. V ғасырдың 
соңына келіп, Афина мемлекетi Грекия тарихында бұрын-соңды 
болмаған, экономикалық жағынан гүлденген бай мемлекет 
дәрежесіне көтерiледi. Сонымен бірге, бүкіл грек елінің ең ірі 
мәдени орталығына, ғалымдар, ақындар, философтар, мүсіншілер, 


63
суретшілер мен түрлі өнер адамдарының мекеніне айналады.
Афина өзінің экономикалық және мәдени дамуына негізінен 
б.з.б. V ғасырдың 50-30-жылдарында, яғни Афина мемлекетінің 
басында Перикл тұрған кезеңде қол жеткізді. Сондықтан бұл дәуірді 
көбінше «Перикл ғасыры» деп те атайды.
Перикл
(өмір үрген кезеңі амамен б.з.б. 500-429) ақсүйек
отбасында туып, заманына сай өте жақсы білім алады. Парсы 
соғысы кезінде бірнеше әскери ерліктер көрсетеді. Афина 
мемлекеті басында тұрғанында өзінің ерекше қайраткерлігімен
даңққа бөленеді. Саяси қызметте өзінен алдын өмір сүрген досы,
нағыз демократ Эфиальттың істерін жалғастырады. Ақсүйектердің 
ішкі қарсылықтарын жеңіп, мемлекетте демократиялық қоғамды 
орнатады және 15 жыл бойына (б.з.б.445-430) жыл сайын Афина 
мемлекетінің ең жоғары лауазымы - стратегтікке сайланып 
отырады. 
«Ол туралы тарихта гректердің: әрі салмақты, әрі салауатты жан 
еді. Ашына сөйлегенде, Күнді күркіретіп, дұшпандарына жай отын 
шашатын Зевске ұқсап кететін, деген сипаттамасы сақталған»[11,26]. 
Афина мемлекеті демократиялық негізде құрылған қоғам 
болуына қарамастан, ұлы тарихшы Фукидидтің айтуынша, 
оны жалғыз бір адам, яғни Периклдің өзі басқарған. Перикл 
шындығында да өз дәуірінің іскер мемлекет басшысы, нағыз шешен, 
адамдарда шығармашылық қабiлетті оятуға шебер, ғылым мен 
білімге, өнермен әдебиетке құштар жан еді. Ол бүкіл грек жұртынан 
философтар, ғалымдар, ақындар мен өнер қайраткерлерін Афинаға 
жинайды. Периклге жақын тұрған және оның мемлекеттік істеріне 
көмектескен ұлы данышпандар арасында философтардан Анаксагор, 
Сократ, «тарих ғылымының атасы» Геродот, ұлы трагедияшы 
Софокл, ғажайып мүсінші Фидий мен соларға ұқсас жалпы грек 
мәдениетін биік шыңға көтерген тағы да бірнеше ірі тұлғаларды 
көреміз. Перикл заманында ғылыми-философиялық iлiмдер 
кең түрде дамыды. Ғалымдар, қаламгерлер өз шығармаларында 
табиғат құбылыстарының, қоғамның даму заңдылықтарын ашуға, 
оларды түсіндіруге және осы негізде сол кезеңдегі демократиялық 
құрылыстың дұрыс екендігін дәлелдеуге ұмтылады. 
Ескі діни қағидалардың бірте-бірте жойыла бастауы, тылсым 
күштерді ғарыш құбылыстарынан іздеу (пантеизм), адамды бүкiл 
болмыстың әміршісі дәрежесіне көтеру, оның санасына, қабілетіне 


64
үлкен үміт арту – осы дәуірдегі философиялық ағымдардың негізгі 
ерекшелігі болды. 
Жаңа түсініктер алғаш рет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет