67
туған ұлы өнер ескерткіштері бүкіл адамзаттың кейінгі дәуірлері
үшін сұлулықтың таңғажайып мысалы мен асқақ үлгісі болып келді.
Өнердің мұншалықты қарқынды дамуы Перикл қамқорлығында
Афинада басталған үлкен құрылыс істерімен тығыз байланысты.
Периклдің тілегі - ғылым, бiлiм және мәдениет орталығы болған
ұлы қала сұлулықта да бүкiл грек жұртына өнеге болсын деген
арман еді. Елу жылға созылған үлкен құрылыс істерінде Афинаның
еркін халқы мен құлдар ғана емес, сондай-ақ Грекияның барлық
жерінен жиналған құрылысшылар, мүсіншілер, суретшілер және
түрлі кәсіп иелерi қатынасты. Бұл заманда бой көтерген ең биiк
ғимараттардың бірі - Афина мен Пирей гаванi ортасында, бұдан көп
ілгері салынған екі қабырғаның арасында, Периклдің қалауымен
тұрғызылған үшінші қабырға болды. Одан ары қарай Пирей
гаванi жаңа ғимараттармен нығайтылды, нәтижесінде Афина мен
Пирей тұтасқан жеке қамалға айналды. Бұрын болмаған осындай
үлкен құрылыс істері арасында Периклдің назарын көбірек бөлген
мәселе – Афинаның ішкі қамалы Акропольдi безендіру болған.
Көне замандарда тұрғызылған бұл ғимарат Парсы-Грек соғысы
кезінде ойрандалып, қамал ретіндегі маңызын жойған еді. Жаңадан
салынған Акрополь ғимараты грек өнерінің ғажайып туындысына
айналды.
Грек сәулетшілік өнерiнің қайталанбас үлгілерін жасаған
ғажайып сәулетшілер арасында атақтылары - Парфенонды салған
Достарыңызбен бөлісу: