Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


XV ғасырдағы итальян гуманизмінің қалыптасуы және оның



Pdf көрінісі
бет56/133
Дата17.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#117362
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   133
Байланысты:
Koblanov-Shetel-ad-tar

XV ғасырдағы итальян гуманизмінің қалыптасуы және оның 
қайшылықтары
XIV ғасырдың екінші жартысында жасаған гуманистер Петрарка 
мен Боккаччоның ісін одан ары қарай жалғастырды. Олар да антик 
мәдениетке құрметпен қарап, папа билігіне қарсы шықты. Мәселен, 
Луиджи Марсили
Августин орденінде монах болса да, философия 
мен әдебиетке қызықты, «Папа сарайы нұқсандарына қарсы» дейтін 
туындысында дін өкілдерінің жағымсыз әрекеттерін әшкереледі. 
Гуманист 
Колуччо Салутати
біраз уақыт папаның қызметінде 
болып, Рим діндарларының арасындағы алаяқтарды өз көзімен 
көреді, бұл оны папаға қарсы күреске итермелейді. Флоренция 
республикасының хатшысы болған кездерінде де ол өз отанының 
тәуелсіздігі үшін күреседі. Мемлекет істерімен бірге әдебиетпен де 
айналысады, латынша эклогтар жазады. «Тағдыр мен бақыт туралы» 
дидактикалық поэмасында астрологияны (жұлдыз жорамал) қатты 
сынға алады. Салутати дүниетанымында қайшылықтар да болды. 
XV ғасырда ірі қала - коммуналар аймағында принципаттықтың 
(жеке билік) орнау себебінен ғалым-гуманистер халық әрекетінен 
алыстайды. Олар антик дәстүрлерді жаңартуға ұмтылады, итальян 
тіліндегі әдебиет күйзеліске ұшырайды. Сауаты аз оқырманға 
негізделген латын тіліндегі әдебиет дүниеге келеді.
Бұл дәуірдегі гуманистік әдебиетте ақсүйектік ағым басым 
болғанымен, ірі қаламгерлер XIII-XIV ғасырлардағы ұлттық 
әдебиетпен әлі де тығыз байланыста еді. Олар Данте, Петрарка, 
Боккаччо шығармаларын оқып үйренді, халық дәстүрінде өлеңдер 
жазды. Осындай қаламгерлердің бірі атақты ғалым, жазушы 
Альберти болды. Ол итальян поэзиясына гекзаметр өлең өлшемін 
кіргізді, итальян тілінде элегия мен эклогтар жазып, итальян тілі 


204
мен әдебиетінің дамуы үшін күресті, латын тілінің алдында бас 
иген адамдарды сынға алды.
XV ғасырдың екінші жартысынан бастап осы дәуірдің саяси 
өмірінен қол үзген және ескі латын тіліне беріліп, өз мүмкіндіктерін 
шектеп қойған ғалым-гуманистердің үстемдіктері аяқталады. 
Итальян ұлттық әдебиеті дами бастаған Қайта өрлеу әрекетінің 
соңғы жоғары сатысы дүниеге келеді. Мәдени және экономикалық 
жағынан едәуір ілгерілеген Флоренцияда ірі гуманист-қайраткерлер 
Леонардо да Винчи, Микель-Анжело және т. б. туды.
XV ғасырдың аяқтарында Солтүстік Италияда жаңа мәдени 
орталық пайда болды. Феодалдық-католиктік қанау күшейген 
тұста өмір қуаныштарына байланысты оқиғаларды жырлау үлкен 
маңызға ие болатын. Феррара мектебі серілік әдет-ғұрыптарды 
бейнелегенімен, ол Қайта өрлеу мәдениетінің дамуында белгілі 
дәрежеде қызмет атқарды. Қалада университет салынды, ірі 
кітапханалар пайда болды. Сарай ертегілерін қайта өңдеудің 
характерлі үлгісі болған Маттео Боярданың (1434-1494) «Ғашық 
болған Роланд» поэмасы осы дәуірде туды. Боярданың аяқталмай 
қалған бұл поэмасы халық арасында кең таралды. Оны аяқтауға 
көптеген қаламгерлер ұмтылып көрді. Тек ақын Лодовико 
Ариостоның (1474-1533) «Ызалы Роланд» туындысы ғана бұл істі 
аяғына дейін жеткізді. Ақын қаһармандық роман-поэма жанрының 
жетілген формасын көркемдік тұрғыдан жоғары сатыға көтерді.
«Ызалы Роланд» поэмасы үстінде Ариосто көп уақыт еңбектенді. 
Бірінші жариялануынан соң да (1516) оны қайта толықтырды. 
Алдыңғы шығармада 40 өлең бар еді, соңғы жариялануында (1532) 
46 өлең болды. Шығармада түрлі оқиғалар суреттелді, шынайы өмір 
көріністері фантастикалық суреттермен ауысып отырды.
Поэманың сюжеті көп қырлы, тақырыбы жағынан оны бірнеше 
топқа бөлуге болады. Алғашқы тақырыпта император Карл 
сарбаздарының сарациндықтармен соғысы баяндалады. Шығармада 
Карлдің ең батыр серілерінің бірі Роландтың өзге діндегі сұлу, 
бірақ жеңілтек Анжеликаны сүйіп қалуына байланысты оқиғаларға 
үлкен орын беріледі. Әуре-сарсаңда жүрген Анжелика қатты 
жарақаттанған сарацин жігіті Медорды өлімнен құтқарады және 
оған ғашық болады. Анжеликаны іздеп орманға барған Роланд 
шопан жігіттен Анжеликаның Медорды сүйетіндігін естіп, ызадан 
ақылын жоғалтады.


205
Поэманың тағы да бір сюжеті сарацин батыры Руджероның 
Брадаментиге деген махаббаты тарихынан тұрады. Мұнда ақын екі 
жас арасындағы қатынастарды өте кең фантастикалық оқиғалармен 
байланыстырады.
Поэма өзіндік әдіспен жазылған. Бұл нәрсе фантастикалық 
оқиғалар мен серілік бейнелеуде айқын көрінеді. Жазушы реал 
дүниені, адамның шынайы өмірдегі талап-тілектерін орта ғасырлық 
діни әдет-ғұрыптарға қарсы қояды. Мәселен, Астольф ұжмаққа 
барғанында, оны жақсы күтіп алып, тамақтандырады және атын 
атқораға жайғастырады. Рақаттанып ұжмақ алмасының дәмін 
татқан Астольф «Адам мен Хауа анаға кешірім беру керек екен» 
деген ойға келеді.
Итальян Қайта өрлеу дәуірінің ірі әдеби ескерткіші саналатын 
«Ызалы Роланд» өз маңызын жоя бастаған орта ғасырлық діни 
тәртіптерге қарсы адам өмірінің ұлылығы мен сұлулығын дәріптеген, 
адамның бақытты өмірге деген ұмтылысы табиғи құбылыс екендігін 
паш еткен, гуманистік пікірлерді қорғаған таңғажайып поэма болды.
Қайта өрлеу дәуірінің соңғы кезеңі феодалдық-діни 
озбырлықтың қысымы астында өтті. Гуманистік идеялар, пікір 
еркіндігі қуғынға ұшырады. Инквизиция күшейді, қайраткер 
жандар зынданға тасталды және орта ғасырлық зұлымдыққа 
және схоластикаға қарсы күресін жалғастырды. Осы дәуірдің ірі 
философы, астроном, жазушы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет