258
ұшыраған соң, ауыр жарақат алған Родригоға жәрдем беру орнына,
оны жауыздықпен өлтіреді.
Яго кіммен қандай қатынас жасау керектігін жақсы біледі.
Отелломен сұқбаттасқанда ол қошаметгөй, Дездемонаның алдында
әдепті, Родригоға батыл, өз әйеліне келгенде дөрекі, арсыз. Бірақ
ашық айқаста ол қорқақ, жасырын қастандыққа шебер, мейірімсіз.
Яго - дүиежүзілік әдебиетте өте айлакер, аяр адамның типтік
бейнесі.
Трагедиядағы характерлі қаһармандардың бірі – Эмилия. Ол
шығарманың басында ерінің айтқанын бұлжытпай орындаушы,
қарапайым, аңғал әйел ретінде көрінеді. Дездемонадан түсіп қалған
орамалды тауып алған Эмилия, оны Ягоға әкеліп береді. Оқиға
қайғылы жағдайға бет алғанында, ол ерінің жауыз ниетін сезіп
қалады және батылдықпен оны әшкерелеуден қайтпайды. Эмилия
да Дездемона сияқты жазықсыз мерт болады.
Шығарманың бас қаһармандары Отелло мен Дездемона пасық
Яго сияқты жауыздардың құрбаны болғанымен, олардың адалдығы
жеңіске жетеді. Аяр Ягоның барлық сыры ашылып, ауыр жаза
тартуы әділдіктің салтанат құрғандығын дәлелдейді. «Отелло»
трагедиясында Шекспир құлдырап бара жатқан абсолютизм мен
туып келе жатқан буржуазиялық қатынастар жағдайында пайда бола
бастаған жаңа сана мен түсініктердің күрделі көріністерін, адам мен
оны шырмап алған қоғам ортасындағы қайшылықтарды суреттейді.
Қаһарманның жеке басының қасіреті заманның әлеуметтік тартысы
дәрежесіне дейін көтеріледі. Бұл жағдай ақша дүниесінің өкілі
ретінде әрекет еткен жауыз Ягоның залымдықтарын әшкерелеуде
айқын көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: