263
және жеңілісін тездетеді.
Лирдің отбасында болған қасірет Глостер жанұясында да болуы
кездейсоқтық емес . Бұл осы «дәуір рухына», алғашқы капитал
топтау дәуіріне тән жағдай болатын:«... махаббат сөніп барады, -
дейді қайғыға батқан Глостер, - достық ұмытылды, аға мен іні
бір-біріне дұшпан, қалаларда, қыстақтарда ойран, сарай ішінде
қастандықтар, әке-шеше мен перзенттерді мықтап ұстап тұрған
туыстық жіптер үзілуде...».
Жаңа туып келе жатқан капиталистік қатынастар, байлыққа
құмарлық адамдар ортасындағы ең қасиетті байланыстарды –
туысқандық, отбасы мен достық қатынастарды жаншып тастайды.
Соның үшін адамгершілік идеяларды көтеретін таңғажайып
образдарды Шекспир дүниеқоңыздықтан таза, пәк адамдар қылып
көрсетеді. Бұл тұрғыда дана, сұлу, адал, ержүрек қыз Карделия
образы жарқын бейнеленген. Трагедия соңында ол мерт болғанымен,
Карделия қорғаған адалдық жеңіске жетеді. Жауыз ниетті адамдар
жеңіліс табады. Бұл шығарманың оптимистік рухынан дерек береді.
Достарыңызбен бөлісу: