320
тенденцияның дамығандығын дәлелдейді. Сондықтан, «Әйелдер
үшін сабақ» пьесасының сахнаға қойылуы кертартпа топтардың
жазушыға қарсы шабуылын тағы да күшейтеді.
Билік өкілдері комедиядағы сол дәуірдегі қоғам мен дінге
қарсы бағытталған өткір сынды тез байқайды. Драмашыға ашық
күрес бастаған озбыр топтар Мольерге кертартпа теорияшылар
Визе, Брусо, Манфлерилерді қарсы жұмсайды. Донно де Визе
«Әйелдер үшін сабақ» туралы мақаласында Мольерді әдепсіздікте,
дворяндыққа жала жабуда және масқаралауда айыптап, жазушыны
жазалауды талап етеді. Дұшпандарының шабуылына жауап ретінде
Мольер 1663 жылы «Әйелдер үшін сабақты сынға алу» және
«Версаль экспромты» комедияларын көрсетіп, жезөкше әйелдерді,
бұзақы маркиздерді және оның театрының жетістіктерін көре
алмаған қабілетсіз актерлерді әшкерелейді. Олардың жазушыға
қойған айыптарының негізсіз екендігін дәлелдейді. Осыдан
соң «Тартюф» (1664), «Дон Жуан» (1665), «Мизантроп» (1666),
«Анфитрион» (1668), «Жорж Донден» (1668), «Сараң» (1668)
сияқты ғажайып сатиралық комедияларын жазып, француз ұлттық
комедиясын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: